Сәби саулығының сақшысы
Дүниедегі барлық тіршіліктің мағынасы артқа өнегелі із қалдырып, өмір сабақтастығын одан әрі жалғауға тіреледі. Сол үшін әлемде күн сайын мыңдаған сәби дүниеге келіп, қаншама отбасын қуанышқа бөлеуде. Ата-ананың арманы жүзеге асып, жаңа өмір есігі ашылып, осынау ғажайыптар орындалатын жер – перзентхана. Перзентхана дегенде есімізге алдымен дүниеге жаңа келген сәби мен аналар, қуанған отбасылар елестейді. Алайда …