Алғашқы ойын
Шайбалы хоккейден ел чемпионаты басталды. Петропавлдағы Спорт сарайында “Құлагер” клубы біріншіліктің алғашқы екі ойынын “Алматы” командасына қарсы өткізді. Чемпионаттың алғашқы ойынын тамашалауға облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев келді. Бірінші кездесуде жерлестеріміз қарсыластарына овертаймда есе жіберді. Матч 2:3 есебімен алматылықтар пайдасына шешілді. Қарымта ойында “Құлагер” хоккейшілері есе қайтарды. Қос клубтың ойыншылары аянып қалмай, 9 шайба соқты. …