Петропавл қаласының тұрғыны Аида Нұрланқызы қызыл ірімшікті қалай істеу жолын айтып береді.
– Әдетте ірімшік қоюлана бастаған кезде отты өшіріп қоямыз. Ал енді сол қалпында тағы да бірер сағат қайната түссе, ірімшіктің түсі сары, одан кейін тіпті қызыл түске айналады. Дайын болған қызыл ірімшікті сүзіп алып, қалтаға салып, кептірсе, ол көп уақытқа дейін бұзылмайды. Есесіне дәмі жақсара түсіп, көп сақталады. Кепкен ірімшікті түйіп, жентке қосып, бауырсақтың үстіне себуге немесе майға қосып жеуге болады. Бал немесе қаймақ араластырып, құрт тәрізді дөңгелетіп, бетіне ақ ірімшікті жақсаңыз, бүгінгінің рафаэллосы болады да шығады. Мұндай әдемі дәммен қонағыңызды таңғалдыра аласыз. Өйткені, дәмі тіл үйіретін мұндай экзотикалық десертті дүкеннен сатып алу мүмкін емес, оны тек өзіңіз ғана істей аласыз.