Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңес барысында жергілікті полиция қызметінің жұмысы қорытындыланды.
– Қоғамдық орындардағы қылмыс 18,9 пайызға, көшедегі құқық бұзушылық 26,5 пайызға, кәмелеттік жасқа толмағандардың жасаған қылмыстары 16,1 пайызға төмендеген. Есепті кезең ішінде 88 812 жол жүру ережесін бұзу әркеттері анықталды, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев.