«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қырсық қоян туралы ертегі

Облыстық қуыршақ театрының әртістері кішкентай көрермендер үшін “Бука” спектаклін сахналады. Қойылымдағы басты кейіпкер – ешкімді тыңдамайтын, қыңыр, қырсық мінезді Бука есімді қоян. Ол дос болуға шақырған жануарлардың барлығын ренжітіп, үнемі еш нәрсеге көңілі толмай, жоқ жерден жанжал шығарып жүреді. Осылай өзімен-өзі жалғыз жүргенде Бука қиыншылыққа тап болып, оған қол ұшын беретін бірде-бір дос табылмай қалады. Басты кейіпкер өзінің бар қателігін мойындап, достықтың қадірін түсінеді.

Балаларды жақсылыққа тәрбиелеп, достық, татулық, бірліктің маңыздылығын меңзейтін қойылымға үш актер қатысуда. Олар бірнеше кейіпкердің рөлін сомдап, көрермендердің көңілінен шыға білуде.

– Бұл қойылым арқылы балалар ненің жақсы, ненің жаман екенін тамашалап, зерделейді. Жақын адамды ренжітуге болмайтынын, қиын кезде қасыңдағыларға көмектесу керектігін жақсы мысалдар арқылы ұғынады, – дейді облыстық қуыршақ театрының актері Санжар Жәнібеков.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp