«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСТЫҢ  ҚАМЫ ҚАЗІРДЕН

Өңірде жаздың бірінші айы ерекше ылғалды болды. Маусымда орташа есеппен 49,2 миллиметр жауын-шашын түсті. Бұл топырақтың ылғалдылығын арттырып, шөптің жайқала өсуіне септігін тигізді. Биыл облыста 392 мың гектар алқапқа мал азығы егілген.

 Бұл былтырғы жылға қарағанда 37,9 мың гектарға көп. Оның ішін­де 109,5 мың гектары – біржылдық, 9,6 гектарға көпжылдық шөп және 30 мың гектардан астам алқапқа жүгері егілді. Биыл алқаптардан ор­таша есеппен 25 центнер өнім жи­налуда.

 Облыста 52 мың мал бар. Оның жартысынан астамы шаруашылық­тарға тиесілі. Өңірдегі төрт түлікті азықпен қамтамасыз ету үшін биыл 940 мың тонна шөп, 867 мың тон­надан астам сабан мен 818 мың тонна жем дайындау қажет. Сон­дай-ақ 178 мың тонна пішендеме мен 237 мың тонна сүрлем керек. Теріскейлік шаруалар маңызды науқанның 30 пайызын орындады.

Александра РУДИНА,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp