«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Орал қаласында әйелдер арасында волейболдан жоғары лига ойындарының екінші туры аяқталды. Аталмыш сайыста жерлес волейболшыларымыз жүлделі орынға ие болды.

Жарыста солтүстікқазақстандық “Қуаныш және К” командасы бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. Атап айтқанда, “Грация KZ” (Орал қ.), “Астана-2” (Астана қ.) және “Қарағанды-2” (Қарағанды қ.) құрама командаларынан басым түссе, ал бес партияға созылған тартысты кездесуде алматылық “Алматиночка” командасын 3:2 есебімен жеңді. Өкінішке қарай, жерлестеріміз көш басында келе жатқан қостанайлық “Қостанай” құрамасынан жеңіліп қалды.

Сөйтіп, екі турдың қорытындысы бойынша жерлестеріміз қостанайлық және алматылық құрамалардан кейінгі үшінші орында келеді. Жоғары лиганың үшінші туры ақпан айында Петропавлдағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық спорт мектеп-интернатында өтеді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан.”

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp