«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұмытылмас сәттер

Дүниеде баланың күлгенінен асқан әсерлі көрініс жоқ шығар. Бүлдіршіннің пәк жүрегінен шыққан шын қуанышы кімнің болсын жанын тебірентіп, көңілін жібітетіні анық. Өмірдің бақытқа толы осындай қас-қағым сәттері ата-аналардың ең тәтті естелігіне айналып, таспаға түсіп жатады. Облыстық «Soltüstık Qazaqstan» газеті 105 жылдық мерейтойы аясында бүлдіршіндердің алаңсыз балалық шағының бір мезеті бейнеленген суреттер байқауын жариялады. Енді ғана тәй-тәй басып, айналасын танып, алғашқы сөздерін айтып үйреніп келе жатқан ұл-қыздардың суреттері бірнеше ай бойы газетімізде жарияланып, оқырманның көзқуанышына айналды. Сүйкімді балақайлардың көңіл тербеп, езу тартқызатын суреттерінің арасынан үздіктерін анықтау да оңай болған жоқ. Байқау шартына сай іріктеу нәтижесінде жеңімпаз ұл-қыздардың есімдері анықталды. Арнайы шақыртумен редакцияға келген жеңімпаздар – Ислам Берік, Мансұр Айдар, Жібек Мұқатайға сыйлықтары табысталды.

– Байқауға қатысқанымызға қуаныштымыз. Ұл-қызының суреті газет бетінде жарияланғанының өзі ата-ана үшін естен кетпес сәт. Балалар есейсе де бұл суреттер тарих болып газетте қатталып қалады. Осындай мүмкіндік беріп, байқау ұйымдастырған редакция ұжымына алғыс білдіреміз, – дейді Мансұр Айдардың анасы Аяужан Сәбитова.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

СУРЕТТЕ: Ислам Берік ата-анасымен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp