«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰН ЖЕТКІЗІП, РАЗЫ ЕТТІ

Ақжар ауданының әкімі Серікбай Тұралинов жергілікті кәсіпкерлерге аудан тұрғындарының әл-ауқатына назар аударып, мүмкіндігінше көмек көрсету туралы үндеу тастаған болатын. Бастама қызу қолдау табуда.

Жақында Жұмалы Нұрманов басқаратын “Талшық астық – ЛТД” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Айсары ауылының тұрғындарына арзан бағамен ұн әкеліп сатты. Бұл кәсіпорынның жасаған игі шарасы дер кезінде және маңызды болды. Қақаған суықта аудан орталығынан ұн тасу да оңай шаруа емес. Кәсіпкер ұнды өзі жеткізіп берді.

Жұмалы Балталыұлының елге деген қамқорлығы басқаларға да үлгі болады деген ойдамыз. Ал әлеуметтік әріптестіктің нығаюына үлес қосып отырған кәсіпорын ұжымына алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тілейміз.

Күлай ХАСЕНОВА,

ардагер ана.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp