«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘКІМ АРАЛАСТЫ, ІС ОҢҒА БАСТЫ

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыс орталығынан шалғайда жатқан Уәлиханов ауданына келген бір сапарында Жасқайрат ауылына да соғып, тұрғындармен кездескен еді. Бүгінде сол жолы көтерілген мәселелердің аяқсыз қалмағанына көзіміз жетіп отыр. Атап айтқанда, өңір басшысының тапсырмасымен ауыл көшелеріне жарық тартылды. Биыл қайда болсын қар қалың түсті. Жылда оны тазартатын техника таба алмай, жол азабын тартушы едік. Облыс басшысы араласқаннан кейін бұл мәселе де оң шешілді. Сол сияқты, ауызсу, тұрғындарды ұялы телефон байланысымен қамтамасыз ету мәселелері де қолға алынды.

Осындай оң өзгерістерге көңіліміз толып, төбеміз көкке жеткендей болып отырмыз. Бізге деген қамқорлығы үшін Ерік Хамзаұлына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Елеген САБЫРОВ,

Бибінұр ЖАНАТҚЫЗЫ,

Жасқайрат ауылының тұрғындары.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp