Бразилияда футболдан әлем біріншілігі жалғасуда.
Биылғы сынның нағыз сенсациясына айналған Коста-Рика құрамасы плей-офф кезеңіне шықты. Коста-Рика әлем біріншілігі басталарда бұл топтың ең әлсіз командасы болып есептелген. Десе де, алғашқы топтық кездесуде Уругвайдан басым түссе, енді Италияны ұтты. Есеп – 1:0.
“С” тобындағы матчта Грекия мен Жапония кездесіп, тең тарқасты. Есеп 0:0.
Швейцария құрамасы Франция командасымен кездесті. Есеп – 2:5.
“F” тобында Аргентина мен Иранның кездесуі 1:0 есебімен аяқталды.
Германия мен Гана құрама командалары арасындағы кездесуде де жеңімпаз анықталған жоқ. Есеп – 2:2.
“Н” тобында Бельгия Ресейді ұтып, плей-офф кезеңіне шықты. Есеп – 1:0.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.