«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ ӘРІПТЕСТІК

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайлық «Beijing Guancheng Shenghua Investment» компаниясының басқарма төрағасы Ма Юнхумен жүздесті. Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру әлеуеті талқыланды.

Аталған корпорация өнеркәсіптік және тұрғын үй нысанда­рын салу, сондай-ақ ауыл шаруа­шылығын дамыту саласына ма­манданған. Инвестор облыста элеватор мен құрамажем зауытын салуға қызығушылық білдірді.

Өңірде «Qyzyljar» арнайы эко­номикалық аймағын кеңейту бо­йынша жұмыс жүргізілуде. Ғабит Мүсірепов атындағы және Та­йынша аудандарында жаңа субаймақтар құру жоспарланып отыр. Бұл шетелдік инвесторлар­ға жаңа өндірістерді іске қосуға тиімді жағдай жасайды.

«Солтүстік Қазақстан облысы тікелей инвестицияларға, техно­логиялық әріптестікке және ха­лықаралық бизнес өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Мұндай жобалардың жүзеге асы­рылуы өңір экономикасын ны­ғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен инфрақұры­лымды дамытуға қосымша серпін береді», – деп атап өтті өңір бас­шысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp