Әлеуметтік желідегі келеңсіздіктердің алдын алып, этносаралық түсініспеушілік туындамауын қатаң бақылауда ұстау қажет. Осы мақсатпен облыстық прокуратура мамандары жастармен кездесіп, ашық әңгіме алаңын ұйымдастыруда. Олардың айтуынша, жастар арасындағы түрлі кикілжің мен ұлтаралық дау-дамай әлеуметтік желіден бастау алатын көрінеді. Соңғы кездері әлеуметтік желі арқылы түрлі тақырыптағы фото, бейнеролик таратып, қоғамдық дау-дамай туғызатын жағдайлар жиі кездесуде. Осы орайда шараға қатысқан студенттер күнде қолданып жүрген әлеуметтік желінің теріс тұстары жайлы біраз мағлұмат алды.
Ұйымдастырушылар осыған дейін М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттерімен кездескен болатын. Ал бұл жолғы жиынға қаламыздағы алты колледждің студенттері қатысты.
Фариза ЖАЗИТОВА,
журналист.