«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ

 

Өңір жұртшылығына есімі жақсы танымал әнші Нұрсұлу Ахметжанова Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында өзінің жеке концертін берді. Бұл күні ол сахнада жанды дауыспен ән шырқап, тыңдармандардың қошеметіне бөленді.

Халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрсұлу Ахметжанова облыстық филармонияда 17 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Әншінің репертуарында 100-ге жуық ән бар. Ол көбінесе классикалық туындыларды орындайды.

– Негізі ән айтқанды бала кезден жақсы көремін. Атама ұқсағым келетін. Өнер саласына қадам басуымның бірден-бір себебі де – сол, – дейді Нұрсұлу Ахметжанова.

Өнерде өз жолын таба білген ол тамаша қоңыр үнімен жүректерді баураған талантты әнші ғана емес, асыл жар, ардақты ана. Осынша асыл қасиетті шебер ұштастырып, өзгелерге үлгі көрсете білген әншінің жеке концертіне жиналған көрермендердің қарасы қалың болды.

– Бүгінгі кеште Нұрсұлу 15-ке тарта қазақ және орыс тілдеріндегі әндерді жанды дауыспен шырқады. Көбіне көрермендер оның орындауындағы Шәмшінің әндерін сүйсіне тыңдады, – дейді әріптесі Алма Банных.

Сүйікті әншілерінің жеке шығармашылық концертіне қала тұрғындарымен қатар, ауылдан да арнайы келген тыңдармандар Нұрсұлу Ахметжанованың өнеріне қол соғып, алғыстарын гүл шоқтарын ұсыну арқылы жеткізді.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp