«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘН ҚАЛЫҚТАП, КҮЙ КҮМБІРЛЕДІ

Облыстық филармонияда қазақ ән өнерін асқақтатқан “Ән салдырған, тамсандырған – Қызылжар” атты фестиваль өтті. 
Ақан сері, Біржан сал, Сегіз сері мен өзге де замана бұлбұлдарының әндері шырқалған шарада күй күмбірлеп, домбыра дәріптелді. Өнер десе ішер асын жерге қоятын жергілікті орындаушылар ұрпақ сабақтастығының айнымас үлгісін көрсетіп, дара дарындардың шығармашылығын насихаттауға үлес қосты. Фестиваль барысында өнерпаздар ән әуелетіп, көрермендердің құлақ құрышын қандырды. Осындай игі шараның дәстүрге айналуын әнші Біржан Есжан да құп көреді. Оның айтуынша, болашақта бұл фестивальдің деңгейін көтеріп, Қызылжар төрінде термеші, күйші, әншілердің басын қосу жоспарда бар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp