
“Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – өңірімізге танымал кәсіпорындардың бірі. Серіктестік өз жұмысын 2004 жылы дистрибьютерлік қызметтен бастаған болатын. Осыдан 5-6 жыл бұрын пластмассадан тұрмыстық бұйымдар жасау жобасын қолға алса, 2014 жылы полиэтилен қапшықтар шығара бастады. 2015 жылы Бескөл ауылындағы өндіріс алаңында қайта өңдеу цехын іске қосты. Петропавл қаласында тәтті таңертеңгілік құрғақ ас дайындайтын жаңа цехы тағы бар. Компания Қазақстан бойынша 1500 адамды жұмыспен қамтып отырса, соның 400-ге жуығы өндірісте жұмыс істейді. Солардың бірі – Азамат Тәнікеев. Ол Бескөл ауылындағы өндіріс цехында екі жыл еңбек етеді. “Жас келсе – іске!” дегендей, ол өзіне жүктелген жұмысты абыроймен атқарып, әріптестері құрметіне бөленуде.
СУРЕТТЕ: А. Тәнікеев жұмыс үстінде.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.