«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ЕУРАЗИЯЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМ

Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Еуразиялық Бизнес-форумды ұйымдастыру комитеті басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және сәуір айында Алматыда өтетін Еуразиялық бизнес-форум туралы брифинг өтті.

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың айтуынша, елімізде 1,5 миллион шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 850 мыңы белсенді жұмыс істеуде. Еңбекке қабілетті 2 миллионнан астам азамат осы сегментте еңбек етеді. Сондай-ақ еліміздің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі, мемлекеттік саясат пен ұлттық бәсекеге қабілеттілікті нығайтудағы кәсіпкерліктің рөлі өсіп келе жатқаны айтылды.

Осы тақырыпқа орай Мәжіліс депутаты және “Нұр Отан” партиясының кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Айгүл Соловьева аталмыш сегменттегі жағдайды бақылауға арналған индикаторлар туралы баяндады.

Брифинг барысында Алматыда өтетін Еуразиялық бизнес-форумның жай-жапсары айтылғаннан кейін БАҚ өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp