«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өзекті тақырып

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспарды жүзеге асыру барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті “Жол патрульдік полициясы мен жол қозғалысына қатысушының тікелей байланыс жасауын азайтудың өзекті аспектілері: мәселелері мен оны шешудің жолдары” тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бас инспекторы Азамат Жамұқов басты тақырып бойынша сөз қозғаса, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұңғыш медиа орталық” облыстық филиалының басшысы Ардақ Жанқұшев жиналғандарды жолдағы сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған он қадамды жүзеге асырудың барысынан хабардар етті.

Аталмыш тақырыптың өзектілігін танытатын шаралар легі “Құқық қорғау органдары тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесі: негізгі көзқарас пен критерийлер” тақырыбындағы “дөңгелек үстелмен” жалғасты.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp