Облыс орталығындағы сауда үйлерінің, ойын-сауық орындарының маңында көліктерді қоюды шектейтін әркім өз бетімен жазып қойған ескертулерді, сондай-ақ, жол қозғалысы белгілерін жиі көреміз. Бұл әрекеттер, әкімшілік полициясы қызметкерлерінің айтуынша, жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осындай фактілерді анықтаумен айналысуда.
Осы және көшелердегі жол қозғалысы ержелерінің бұлжымауын анықтау мақсатымен облыстық Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері ТКШ өкілдерімен бірлесе отырып, Петропавлдың көшелерін байқап шықты.
Полиция қызметкерлері жыл басынан бері облыс орталығының көшелерінде 76 тексеру өткізді. Оның барысында жүргіншілер өтетін белдеулерді белгілеудегі ережеге сәйкес келмейтін олқылықтар анықталды.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық Ішкі істер департаментінің
баспасөз қызметкері.