«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТІНІШТЕР ОРЫНДАЛДЫ

“Нұр Отан” партиясы қалалық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысы қорытындыланды. Бас партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңес Мұқышевтің айтуынша, жыл басынан бері түскен өтініштердің 41,3 пайызы шешіліпті. Өтініштердің дені – абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмысқа орналастыру және еңбекақы төлемеу мәселелеріне қатысты болған. Көтерілген мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар белсенділік танытыпты.

– Жылдық жоспарға сәйкес қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала әкімі, оның орынбасарлары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері қабылдау өткізді. Қабылдауға келген 572 адамның тең жартысының мәселесі уақытылы шешілді, – деді Кеңес Мұқышев.

Үстіміздегі жылы қызылжарлықтарды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер көбірек толғандырған. Осыны байқаған нұротандықтар тұрғындардың сауалына жедел жауап беру үшін қалалық әкімдіктегі тиісті бөліммен бірлесіп, ай сайын азаматтарды қабылдауды қолға алған. Қазір тұрғындар жасалған жағдайды тиімді пайдаланып, айдың әрбір екінші жұмасы қабылдауға барып, мәселелерін ашық айтып жүр. Осының арқасында аулаларда ойын алаңдары салынды, құдықтар орнатылды, сәуір айында тасқын судан зардап шеккендердің үйлерін жөндеу бойынша бірқатар мәселелер шешілді.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp