«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде соңғы екі аптада КВИ жұқтыру 6,7 есе артқан

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны соңғы екі аптада 6,7 есе өсті, 14 күнде 2817 адам ауырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облыста 14 қаңтардан бастап эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған. Соңғы екі аптада аурушаңдық 6,7 есе, 416-дан 2817-ге дейін өсті. COVID-19 бойынша жағдай барлық ауданда тұрақсыз. Мәселен Айыртау ауданында 23 есе, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда 20 есе, Уәлиханов ауданында 17 есе, Тимирязевте 14 есе артқан.

Ең көп 19-бен 39 жастағылар жұқтырған, олардың үлесі – 43 %. 60 және одан жоғары жастағылардың 18 %-ы ауырған.

«Жіті респираторлы вирустық инфекция мен тұмаудың маусымдық өсуі де жағдайды ушықтырған. Эпидемиологиялық маусым басталғалы, яғни қазан айынан бастап өңірде 19 182 адам ЖРВИ-мен ауырған, өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда аурушаңдық 36 %-ға артқан. 35 адамда А типті тұмау расталды, былтыр тұмаумен аурудың бір де бір жағдайы тіркелмеген еді», – дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің айтуынша, 270 582 адам толық вакцинациядан өтті, бұл екпе алуы тиіс тұрғындардың 73 %-ы. 64 184 адам ревакцинациядан өткен, жоспардың 52 %-ы ғана.

Ал Pfizer вакцинасымен 10 101 адам егілді, Оның 8 мыңға жуығы – жасөспірімдер, 2 мыңға жуығы – емізулі баласы бар келіншектер, 301-і – жүкті әйелдер. Әзірге осы санатқа жататын, вакцинациядан өтуі тиіс адамдардың тек 23,4 %-ы ғана екпе салдырды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp