«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 28, 2022

ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ

Өңірімізде заманауи спорт кешендерінің саны артып келеді. Бұл тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына, жастардың спортпен айналысып, шымыр болып өсулеріне айтарлықтай ықпал жасайды. Бүгінгі таңда облыс аумағында 2993 спорт ғимараты жұмыс істесе, бірқатары соңғы жылдары бой көтерді. Әлі сыры кеуіп үлгермегендер қатарында Қызылжардағы “Қуаныш” волейбол клубының спорт кешенін айтуға болады.

Үйренеріміз де, ұтарымыз да көп

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – өңірдегі көпсалалы жалғыз жоғары оқу орны. Бүгінде оның қабырғасында 6,5 мыңнан астам студент 60 бакалавриат, 70 ма­гистратура, 7 докторантура ма­мандығы бойынша білім алады. Оқу және ғылыми жұмыстармен 29 ка­федра, 7 факультет шұғылданады. Академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер бар 437 оқытушы жұмыс істейді. Жыл өткен сайын мате­риалдық-техникалық …

Үйренеріміз де, ұтарымыз да көп Read More »

Жер — ортақ байлығымыз

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор екені, бұл бағытта оң үрдістердің қалыптасқаны, соған орай экономика әртараптанып, өнім түрлерінің көбейіп келе жатқаны белгілі. Бірақ агроөнеркәсіп кешені саласында қордаланған проблемалар да аз емес. Бұл, ең алдымен, өнім өндірушіден бастап тұтынушыға дейінгі аралықтағы өндірілетін өнімге тікелей қатысты дер едім. Біріншіден, сапа жайы әрдайым қанағаттандыра бермейді. Екіншіден, делдалдардың …

Жер — ортақ байлығымыз Read More »

БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада ішкі саясат басқармасының алқа мәжілісі өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов ұжымның 2021 жылы атқарған жұмыстарымен және 2022 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Медицинада мәселе көп

Бүгінде облыста 28 мемлекеттік медициналық ұйым, соның ішінде 13 аудандық аурухана бар. Денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметі бойынша, 1322 дәрігер, 4981 орта буын медициналық қызметкер еңбек етуде. Десе де өңірде 285 дәрігер жетіспейді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында айтылды. Медициналық кадрлар тапшылығы, тұрғындарды вакциналау, ана мен бала өлімі және өзге де мәселелер қарастырылған …

Медицинада мәселе көп Read More »

МӘДЕНИЕТ – ЕЛДІҢ МӘЙЕГІ

Біздің облысымызда азаттық таңы үшін күрескен тұлғалардың есімдері өз деңгейінде ұлықталмай отыр. Мәселен, облыс орталығында Абылай хан, Құлеке батыр, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Мақтай Сағдиев, Бәйкен Әшімов, Жұмабек Тәшенев секілді тұлғалардың есімдерін иеленген көшелер жоқ. Биыл Петропавл қаласы әкімдігімен бірлесе, облыс орталығында жоғарыда аталған тұлғалардың есімдерін ұлықтау бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Бұл туралы …

МӘДЕНИЕТ – ЕЛДІҢ МӘЙЕГІ Read More »

ҚАЗАҚ СЫНЫБЫ АШЫЛЫП, ЖАЙЫЛЫМ БЕРІЛСЕ Іргедегі ауылды мазалаған мәселелер

Мамлютка қаласының іргесінде ор­наласқан Воскресеновка ауылында 775 тұрғын тұрады. Аудан орта­лы­ғына жақын орналасқандықтан бо­лашағы жарқын елді мекендер қата­рында. Осы ауылдық округке тағы екі ауыл қарайды, Искра тұрғындарының саны – 224, Становоеда 171 адам түтін түтетіп отыр.

МҰЗДАЙ СУ АҒЗАҒА ПАЙДАЛЫ

Тәуелсіздіктің құрдасы, жерлесіміз Асылгүл Амангелдинова “жас кезде үйрен” деген ұстаныммен өмір сүреді. Саламатты өмір салтын ұстанатын келіншек біздің елде таңсық керлинг спортымен де айналысады. Бірнеше жыл Қызылжар аудандық құрамасының мүшесі болды. Ал соңғы үш жылдан бері мұздай суға шомылуды әдетке айналдырған. Шынықсаң шымыр боласың деген ұстанымға берік өңір тұрғынын әңгімеге тартқан едік.

“NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

“Nur Otan” партиясының кезектен тыс XXI съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн қатысты. Съезге бейнебайланыс режімінде ел басшылығы, саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен Үкімет мүшелері қатысты.

ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ АТАСЫ

Биыл көрнекті ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Ұлт ұстазының құрметіне Қызылжар қаласындағы Абылай хан резиденциясы музей-кешенінде жылжымалы көрме өтті.  

Сарқылмайтын бұлақ

Жамбыл ауданында 14 кітапхана бар. Ауданның орталықтан­дырылған кітапханасы мен 13 ауылдық кітапхананың есігі оқырмандар үшін әрдайым ашық. Өткен жылы аудандық кітапхана карантиндік шектеулерге байланысты көбіне онлайн режімде жұмыс істеді. “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік желілері арқылы жұмыс жүргізілді, жағдай тұрақтанған соң шығармашылық үйірмелер мен клубтар жұмысын жалғастырды.

Өңір әкімі жас ананың жұмбақ өлімі жан-жақты тексерілетінін айтты

Солтүстік Қазақстан облысында бес баланың анасы – 34 жастағы келіншек ауруханада қайтыс болып, оның көз жұмғаны туралы құжаттар тек бір айдан кейін ғана толтырылып, күйеуіне берілген. Бұл жайында БАҚ-тан білген өңір басшысы деректің жан-жақты тексеріліп, кінәлілердің жауап беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.