Петропавл қаласындағы “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде баскетболдан облыс біріншілігі басталды.
Өскелең ұрпақтың бойында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын көздеген бұл спорттық шара өңірімізде жыл сайын өткізіліп келеді. Бас төреші Елена Гаврилованың айтуынша, 2002-2003 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында ұйымдастырылған додада Қызылжар, Тайынша аудандарынан және Петропавл қаласынан он команда күш сынасуда. Олардың қатарында былтырғы жүлдегерлер – “Барыс”, “Жеңіс-1” және “Жеңіс-2” командалары да бар.
Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған топ Щучинск қаласында өтетін республикалық чемпионатта өңір намысын қорғайтын болады.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.