Шал ақын аудандық ветеринария бөлімінің басшысына пара алды деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазиннің Петропавл қаласы әкімі аппаратының активімен өткізген кездесуінде айтылды.
Шенеунік Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 406-шы бабына сәйкес әкімшілік хаттаманы толтырмай, жалпы қамқорлық жасағаны үшін 100 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алды деген күдік бар.
«Айыпталушының өзінің кінәсін толық мойындағанына байланысты күдіктіні ұстау шаралары қолданылған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде», – деді Ернар Баянғазин.
Жалпы, биылғы жылдың жеті айы ішінде 107 қылмыс тіркелді. Оның 86-сы сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген шығынның мөлшері – 75,7 миллион теңге. 72,2 млн. теңге өтелді.
Сурет https://baribar.kz сайтынан алынды.