«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

18 ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

Үстіміздегі жылы Петропавл қаласын абаттандыру, апатты тұрғын үйлерді сүріп, орнына жаңа баспана салу жұмыстары жалғастырылатын болады.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл облыс орталығында алғашқы 18 қабатты тұрғын үйлер салынады. Былтырдан бері Петропавлда сүрілген 600 ескі үйдің орнына екі мыңнан астам пәтер тұрғызылуда. Егер өткен жылы 3 апатты үй құлатылса, биыл облыс орталығында 17 апатты үй бар. Жоспарлы жұмысқа сәйкес, оның төртеуі биыл бұзылмақ.
Көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру, аулаларды жөндеу жұмыстары да биыл өз жалғасын табады. Үстіміздегі жылы 500 млн. теңгеге аулаларда 60 балалар алаңы және спорттық алаңқайлар жаңғыртылады. Былтыр 8 саябақ абаттандырылса, биыл тағы 4 саябақты көркейту жоспарланған. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің аулаларына 10 шағын футбол алаңы салынады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp