«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ӘКІМІ МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАП, озаттарға құрмет көрсетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл

 

 

Нұрсайын ШӘРІП,
“Солтүстік Қазақстан”.

Жұма күні облыс әкімі Серік Біләлов елімізде алғаш рет аталып өткелі отырған Машинажасаушылар мейрамына орай өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары мен бір топ озат қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелеріне байланысты атқарып жүрген еңбектеріне қарай құрмет көрсетті. Оған “ПАМЖЗ” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, “Қазақстан инжиниринг” ҰК” АҚ аппарат жетекшісі Әділғазы Бергенов, ҚР машина жасау қызметкерлері кәсіподағы Орталық комитетінің төрағасы Қайырбек Құсайынов қатысты.
– Бұл сала шын мәнінде де өңір өнеркәсібінің іргетасы саналады және көп жағдайда қоғам дамуының деңгейі мен азаматтардың әл-ауқаты өсімін айқындайды. Машина жасау жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 21 пайыздан астамын иеленеді. Біз өткен ғасырдың 40-шы жылдары іске қосылған алғашқы цехтарды, Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі жылдардағы зауыт жұмысшыларының жанқиярлық ерен еңбегін мақтанышпен еске аламыз. Бүгінгі күні олардың жасампаз ісін “ПАМЖЗ”, “Киров атындағы зауыт”, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш” АҚ-лары мен “Изолит” ЖШС сияқты өндіріс орындары жалғастырып келеді. 2010 жылы машина жасаушыларға 30 млрд. теңгенің тапсырысы берілсе, индустриялық-инновациялық дамудың арқасында ол биыл 100 млрд. теңгеге жетті. Еңбек ұжымдарының бай тәжірибесі, дәстүрлері мен кәсіби шеберлігі басты міндетіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында айтылған Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыруды жүзеге асыруға жағдай жасай ды, – деді кездесуді ашқан облыс әкімі Серік Біләлов.

 

Өңір басшысы озат машина жасаушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, бір топ адамға облыс әкімінің Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттарын, жалпы еңбек өтілдері 90-115 жылды құрайтын отбасылық әулеттерге бағалы сыйлықтар табыс етті.
Бір топ адам индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің бұйрығымен “Құрметті машина жасаушы” төсбелгісімен марапатталды.
Әділғазы Бергенов әріптестерін төл мерекелерімен құттықтай келіп, Машина жасаушылар күнін атау туралы ұсыныс өткен жылы алғаш рет “ПАМЖЗ” АҚ-да жасалғанын атап айтты, өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары дамуына ерекше назар аударып отырған облыс әкімі Серік Біләловке Қазақстанның алтын картасын табыс етті.
Қайырбек Құсайынов өзі басқаратын қоғамдық ұйым 18 зауыттың 9600 жұмысшысын біріктіретіндігін, оның 4-еуі Петропавлда екендігін, аталмыш мерекеге орай кәсіби шеберлік байқауы өткізілгендігін айта келіп, еңбек озаттарын Машина жасаушылар күнімен құттықтады.
Осы күні кәсіподақ басшысы Қайырбек Құсайынов пен Әділғазы Бергенов тек Қытай еліне ғана 3,5 млн. АҚШ долларының өнімін жөнелтуге келісім жасаған “Киров атындағы зауыт” және “ПАМЖЗ” АҚ-ларда еңбек ұжымдарымен кездесіп, оларға кәсіби мерекелеріне орай құрмет көрсетті.
 Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp