«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.12.2024

ҒАБЕҢНІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ

Қазақ әдебиетінің классигі, жа­зушы Ғабит Мүсіреповтің ғұмырна­масынан сыр шертетін «Ғабит Мүсі­репов» энциклопедиясы жарыққа шықты. Сиясы кеппеген жинақты Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық му­зей-кешенін ұзақ жылдар бойы бас­қарған Әділғазы Қайырбеков әзір­леген. Энциклопедияда қазақ әдебиетінің қамбасын небір жауһар дүние­лермен толтырған қаламгердің өмір жолы, өскен ортасы, шығармалары­ның жазылу тарихы, ой-тұжырым­дары, замандастарының лебізі мо­лынан қамтылған. Аталмыш туын­дының алғы сөзін …

ҒАБЕҢНІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ Read More »

ЖҰЛДЫЗДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН

Петропавлдағы Орталық алаңда облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен жаңажылдық бас шыршаның шамын жағу салтанаты өтті. Көңілді кеш барысында Аяз ата мен Ақшақар көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Тұрғындар жергілікті өнерпаздар әзірлеген мерекелік концертті ерекше ықыласпен тамашалады. «Санаулы күндерден кейін біз жаңа 2025 жылға қадам ба­самыз. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін сынақтарға да, игі жақсылықтарға …

ЖҰЛДЫЗДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН Read More »

СЫРТТАН КЕЛГЕН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР

Қазақстандық полицейлер жақын шет елдердегі әріптес­терімен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасасып тұрады. Мұндай байланыс Ресей Федерациясының үш аймағымен шекаралас орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы үшін маңызды. Биылғы он бір айдың ішінде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер ТМД елдерінің 38 қылмыскерін анықтап, қолға түсірді. 10 қылмыскер – Омбы­да, алтауы Қорған, үшеуі Түмен облыстарында заң бұзған. Мәселен, қарақшылық қыл­мысын жасағаны …

СЫРТТАН КЕЛГЕН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР Read More »

АУДАРЫЛҒАН ЖҮК КӨЛІГІ

«Астана-Петропавл» республикалық маңызы бар ав­тожолында көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, салдарынан 20 мың литр сыра тиелген жүк көлігі ауда­рылып қалды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қыз­метінің мәліметінше, оқиға автожолдың 436 шақыры­мында, Ленинск елді мекенінің жанында орын алған. «Volvo» жүк көлігін 63 жастағы Қырғызстан азаматы тізгіндеп келе жатқан. Зардап шеккендер жоқ, жүк көлігі зақымданды. Полиция …

АУДАРЫЛҒАН ЖҮК КӨЛІГІ Read More »

ЖАУҺАР ТУЫНДЫЛАР – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

Қызылжар креативтік орталығында «Ауылға кітап» жобасы аясында қа­зақ тіліне аударылған әлемдік бест­селлер туындылардың тұсаукесері өтті. «Мазмұндама» баспасының ма­мандары аударған шығармалар ауыл мектептеріне сыйға берілді. Шараға қатысқан облыс әкімінің орын­басары Жүсіп Жұмағұлов, «Мазмұндама» баспасының басшысы Теңіз Сейілхан, «ForteBank» облыстық филиалының дирек­торы Диас Қазыбаев игі бастаманың өңіріміздің рухани өміріндегі маңызы тура­лы айтты. –«Ауылға кітап» жобасы тек кітап …

ЖАУҺАР ТУЫНДЫЛАР – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ Read More »

ҚОҒАМНЫҢ АҚЫЛШЫСЫ

Петропавлда облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Оты­рыста Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселе­лерді жүзеге асыру жайы талқыланды. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің ал­ғашқысы – Мағжан Жұмабаев аудандық арда­герлер ұйымының атқарған жұмыстары туралы есебі. Жиналғандарға «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырымдамасында айтылған тап­сырмалардың жүзеге асырылу барысы, ұйым белсенділерінің жұмысы жинақталған бейнеро­лик көрсетілді. Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы …

ҚОҒАМНЫҢ АҚЫЛШЫСЫ Read More »

ЖОСПАРДЫ ОРЫНДАМАҒАН АУДАНДАР БАР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында биылғы 11 айдың даму қорытындысы шығарылды. Биыл өңір экономикасы 18,9 пайызға өскен. Негізгі салаларда оң динамика байқалады: құрылыс жұмыстарының көлемі 26,2, тұрғын үй құрылысы 5,1, ауыл шаруашылығы 37,8, ал инвестиция тарту 5,3 пайызға артқан. Көрсеткіштердің барлығында дерлік өсім байқалғанымен, жылдық жоспарды орындамаған аудандар да бар. Облыс әкімі …

ЖОСПАРДЫ ОРЫНДАМАҒАН АУДАНДАР БАР Read More »

СӘКЕННІҢ КӨЗІНДЕЙ КӨК МЕКТЕП

 Биыл қазақ әдебиетінің құлагері Сә­кен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толды. Ақынның әдеби мұрасынан бө­лек артында атқарған игі істері қалды. Тайынша ауданына қарасты Аймақ деп аталатын шағын ауылдың тамыры тереңде жатыр. Бұл ауылдың іргетасы­ның қалануына, ондағы білім ошағы­ның салынуына қазақтың біртуар ақы­ны Сәкен Сейфуллиннің үлес қосқанын біз мақтан етеміз. Мақала тақырыбына терең бойламас бұрын Алаш ардақты­сының …

СӘКЕННІҢ КӨЗІНДЕЙ КӨК МЕКТЕП Read More »

ҮЗДІК АУРУХАНА АНЫҚТАЛДЫ

Өңірде «МСАК көшбасшысы» байқауы қорытындылан­ды. Оны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы ұйымдастырды. Қыркүйек айынан қараша айына дейін өткен байқауға 18 медициналық ұйым қатысты. Оның 13-і аудандық, бесеуі – қалалық емхана. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қа­ныш Бижановтың айтуынша, өңірде алғашқы медициналықсанитарлық көмекті 19 медици­налық ұйым, 13 аудандық, 6 қа­лалық …

ҮЗДІК АУРУХАНА АНЫҚТАЛДЫ Read More »

ТУРИЗМНІҢ ТЫНЫСЫ АШЫЛАР КҮН АЛДА

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада тұрғындармен кездесті. Вице-министр өз сөзінде Қазақстанның ту­ризмді дамытудағы әлеуеті өте жоғары екенін, соңғы жылдары туристік ағынның айтарлықтай өскенін атап өтті. «Жыл басынан бері елімізге туристік сапар­мен 11,5 млн. адам келді. Бұл көрсеткіш, өткен жылға қарағанда, екі есе көп. …

ТУРИЗМНІҢ ТЫНЫСЫ АШЫЛАР КҮН АЛДА Read More »

БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Жуырда Үкімет Петропавл қаласында 280 орындық балабақша салу үшін арнаулы мемле­кеттік қордан 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан «Жас өр­кен» шағынауданында салынады деп жоспарла­нуда. Күн сайын көркейіп келе жатқан бұл шағынауданда бала саны …

БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ Read More »

 ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН ШЫРША

 Оқушылар сарайында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қаты­суымен ел Президентінің атынан ұйымдастырылған жаңажылдық шырша мерекесі өтті. – Жаңа жыл – өткеннен сабақ алып, болашаққа жоспар құратын мереке. Біз әсем, жарқыраған шыр­шаның жанына жиналып, Жаңа жылды қарсы алуға дайынбыз. Қуа­ныш пен ғажайыптарға толы мереке әр балаға шаттық сыйласын. Сіз­дердің әрқайсыларыңыздың білімді, саналы азамат болып өсетін­деріңізге сенемін, – …

 ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН ШЫРША Read More »

ӨНІМІ ҚОЙДЫҢ КӨЛ-КӨСІР

Қызылжар ауданындағы Надежка ауылында тұратын Константин Кириллов жиырма бес жыл қой шаруашылығымен айналысып келеді. Өзінің кәсібін дамыту арқылы ол ауылда тұрып та мол табысқа кенелуге болатынын дәлелдеуде. Ширек ғасырдан бері қой өсірумен айналысып келе жатқан кәсіпкер бұл істі алғашында бар-жоғы он қоймен баста­ған. Бүгінде оның шаруашылығында ша­мамен 650 бас түлік бар. Кезінде бұл істі кеңейту …

ӨНІМІ ҚОЙДЫҢ КӨЛ-КӨСІР Read More »

«КҮМІС ЖАС» ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИДЫ

Статистикаға сүйенсек, біздің қоғамда зейнет жасына жақындаған азаматтарға жұмыс табу қиын. Жұмыс бе­рушілердің көпшілігі қарттарды алғысы келмейтіндіктен, олар еңбек шартынсыз, яғни бейресми түрде істеуге мәжбүр. Алайда елімізде «Күміс жас» арнайы жобасы жүзеге асырылғалы бері зейнет жасына тақаған жұмыс­сыз азаматтар жобаның игілігін көруде. Облыстық жұмыспен қамту­ды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасовтың ай­туынша, «Күміс …

«КҮМІС ЖАС» ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИДЫ Read More »

«ХАЛЫҚТЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚПАҒАН ДЕПУТАТТЫҢ МАНДАТЫН ҚАЙТАРЫП АЛУ КЕРЕК»

Әсет Қожахметов – Айыртау аудандық мәслихатының №4 сайлау округі бойынша депутаты, ауданның әлеуметтік-эконо­микалық дамуы және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты ко­миссияның төрағасы. «AMANAT» партиясы аудандық филиа­лының төрағасы. Не үшін депутат болдым? Мен осы ауданның тумасы­мын. Еңбек жолымды да туған жерімде бастадым. Менің ма­мандығым педагог болғаны­мен, бұл салада көп еңбек еткен жоқпын. Ауданда жастар баста­малары орталығы ашылып, …

«ХАЛЫҚТЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚПАҒАН ДЕПУТАТТЫҢ МАНДАТЫН ҚАЙТАРЫП АЛУ КЕРЕК» Read More »

МАЛ САНАҒЫ – МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасында 2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық-нұсқаулық мәселелерді шешуге арналған өңірлік көмек комиссиясының екінші отырысы өтті. Отырыста ауыл шаруашылы­ғы санағына дайындық туралы Ұлттық статистика бюросы об­лыстық департаменті басшысы­ның орынбасары Марал Нұр­жаупова баяндама жасады. Облысымызда биыл 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Петропавл …

МАЛ САНАҒЫ – МАҢЫЗДЫ НАУҚАН Read More »

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ– ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және алдын алу бағытында белсенді жұмыстар жүргізіліп, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасында ашықтық, адалдық және өзара сенім принциптері орныққан. Бұл жұмыстың маңызды бөлігі – алдын алу, яғни құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жүзеге асырылатын кешенді шаралар. Мұндай тәсіл тек салдармен күресуді ғана емес, сонымен қатар олардың туындау жолдарын …

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ– ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ Read More »

АҒАЙЫН АУЫЛДАН КЕТУГЕ МӘЖБҮР

Еліміздің солтүстік шекарасында орналасқан біздің облысымыздағы елді мекендердің құрып бара жатқаны қабырғамызға аяздай батады. Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің отырысында алаңдатарлық дерек келтірілді. 2000-2019 жылдар аралығында Қызылжар өңірінде 139 ауыл мүлдем жойылып кеткен екен. Бұқаралық ақпарат құрал­дарында көңілге кірбің түсіретін ақпараттар желдей есіп жүр. Оған сенсек, Солтүстік Қа­зақ-стан облысының қырық бес ауылы таратылатын елді мекен­дер тізіміне …

АҒАЙЫН АУЫЛДАН КЕТУГЕ МӘЖБҮР Read More »