№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл
Арайлым СМАҒҰЛОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Кеше облыс әкімі Серік Біләлов өңірімізге әулие Спиридон Тримифунтскийдің 1700 жыл сақталған мүрдесінің қасиетті қалдықтарын әкелген Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен, грек діни қауымының өкілдері: протоиерей Эвангелиос Кутраспен, діни қызметші Спиридонмен кездесті.
Өңірімізде 118 діни бірлестіктің жұмыс істеп жатқандығын тілге тиек еткен өңір басшысы Серік Біләлов соңғы жылдары 5 жаңа ғибадатхананың салынғандығын, Вознесение Господня шіркеуі мен “Қызылжар” орталық мешітінің бір күнде ашылғандығын айтып, жергілікті жердегі діни ахуалмен таныстырды.
Қоғамда адамгершілік пен руханилықты сақтауда православие шіркеуінің атқарып жатқан жұмысына оң бағасын берген облыс әкімі әулие Спиридон Тримифунтскийдің мүрдесінің қасиетті қалдықтары христиан дінін ұстанушыларға жақсылық пен қуаныш сыйлайды деген сенімдемін, деген ойын жеткізді. Өз кезегінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр, грек діни қауымының өкілі протоиерей Эвангелиос Кутрас маңызды миссияларын жалғастыруға мүмкіндік берген жергілікті билікке алғыстарын білдіріп, еліміздің бірқатар өңірлерін аралағандарын айтты.
Кездесу соңында облыс әкімі Серік Біләловке діни мәндегі кәдесыйды тарту еткен қонақтарға жергілікті халықтың атынан ақ қайыңдар суреті салынған картина сыйға тартылды.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.