«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛА ТӘРБИЕСІ ОЙЫН ЕМЕС!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ертеде көнекөз қариялар бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Өз отбасымызда дастарқан басында айтылатын ақыл-кеңесті бала кезімізде тыңдап, үлкеннің айтқанын орындап, қарсы сөз айтуға мұрша болмайтын. Ал бүгін жағдай мүлде басқаша. Басқа өмір, басқа қоғам, басқа ниет. Сенің мына қылығың адамға жат, қоғамға жат деп тыйым жасау қайсыбір отбасыда жоқ. Әрбір күнін таңнан кешке дейін ертеңгі тамақ пен күнкөріс жанталасында өткізетін әке-шешенің дастарқан басында айтар әңгімелері жүрдім-бардымның төңірегінен әрі аспайды.
Балаға дұрыс тәрбие берілмегендіктен, нені оқу керектігі айтылмағандықтан жас бала бос уақытын зая кетіріп, теледидар мен компьютерсіз отыра алмас уақытқа жетті. Әлі ақыл-есі жетіле қоймаған бала көгілдір экраннан көргеннің жақсы не жаман екенін түсінбей, соны өзі де қайталап жататындығы қынжылтады.
Бүгінгі жас ата-аналар перзентіне жақсы тәрбие беріп, күнделікті көңіл бөлулері қажет. Сонда ғана отбасында бірлік орнап, өзара айғай-шусыз келісімді тәрбие болады. Бүгінгі тұрмыс-тірлікте баланың санасыз, бұзық болу-болмауы үлкендердің өздерінен екенін тереңірек ойласақ, тіпті, балада кінә жоқ сияқты.
Мен саналы өмірімнің 48 жылын балаларға тәрбие-білім беру жолына арнадым. Қай уақытта болса да, бала тәрбиесіне зор мән беріп, өскелең ұрпақтың әр күнін, әр сағатын мүмкіндігіне қарай бақылап отыру қажет деп білемін. Бала тәрбиесінде уақытты ұтымды пайдалану, өз-өзін әдепті, таза ұстай білу, айтқанды ұқыпты орындау мәселесіне жете мән берген жөн. Мұғалімді, әке-шешені сыйлап, оқушылық мінез-құлық ережесін жауапты орындай білген ұл-қыз ертең еңбек жолын бастағанда абыройға, беделге, сенімге ие болып, ағайын-туысқандарының мерейіне, қуанышына бөленетін болады.
Жұмаш СЕЙІТБЕКОВ,
Зейнеткер-ұстаз.
Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp