Шал ақын ауданының бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған 27 жасар тұрғыны кездейсоқ жалақымен күн көріп, сол тапқан нәпақасына спирттік ішімдік сатып алып ішетін. Міне, бұл жолғы “көңіл көтеруінің” салдары оны тағы да сотталушылардың орындығына отырғызды. Сот отырысында әкесі мен әжесі немерелерін “мінезі сабырлы, ашық” деп жағымды жағынан сипаттады, алайда бұл сөздеріне “сау болғанда” дегенді қосты.
Осылайша, немере інісімен күндіз ішкен үш шөлмек арақ сотталушыға аз болып көрінген соң, келесі шөлмекті сатып алуға ақшасы болмағандықтан, ол 2012 жылдың 14 шілдесіне қараған түні ауылдасы – жалғыз өзі тұратын Ұлы Отан соғысының ардагеріне қарақшылық шабуыл жасайды.
Қылмыскер көздеріне арнап ойылған спорттық бас киімді алдын ала басына киіп алып, жәбірленушінің үйіне заңсыз кіреді. Содан кейін күшінің басымдығын пайдаланып, оны көрпемен тұншықтырып, ақша талап етеді.
Дуся әжей (жәбірленушіні ауылдастары осылай атайды) ақшаны қылмыскер өзін босатса ғана беретінін айтқан, ол келісе кеткен. Жәбірленуші оған 500 теңге көлемінде ақша берген. Бірақ оны жас тонаушы қанағат тұтпай, жәбірленушіні қайшымен қорқытып, бар ақшасын беруін талап еткен. Тонаушы мас, әрі өшпенді болғандықтан, әжей өз өмірі үшін қорқып, тағы екі 500 теңгелік берген, дәл осы сәтте ол айласын асыра отырып, бір қолымен шабуылшының басынан спорттық бас киімді жұлып алған. Оны бірден танып, “Витюшка, бұл сенбісің?” деп айқайлап жібереді.
Қылмыскер үн қатпайды. Содан соң ол төсектің үстіндегі жамылғыны жұлып алып, басына жаба сала, далаға қаша жөнеледі…
Өзінің қылмыстық әрекеттерімен В. жәбірленушіге 1500 теңге көлемінде материалдық шығын, сондай-ақ денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірген.
Шал ақын аудандық соты В.-ны ҚР ҚК 179-бабы 2-бөлігі “в” тармағында көзделген қылмысты, тұрғын үй-жайға заңсыз кіру жолымен жасалған қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен ұштасқан шабуылды жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл қылмыс ауыр қылмыстар санатына жатады.
Сот В.-ға тұрғылықты жерінде жағымсыз мінездеме берілгенін, бұрын сотталғанын ескерді. Сот қылмыс жасаған кезде сотталушының мас болғанын, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жайт деп санап, жас қылмыскерге алкоголизмнен мәжбүрлеп емделумен жеті жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 25.12.2024
- 1 қаралым
- 25.12.2024
- 1 қаралым
- 25.12.2024
- 1 қаралым
- 25.12.2024
- 1 қаралым
- 25.12.2024
- 1 қаралым