«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОМБЫЛЫҚТАР – ОБЛЫС ӘКІМІ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында халықаралық көңілді және тапқырлар ойыны болып өтті. Жергілікті командалармен қатар Қостанай, Көкшетау, Ресейдің Омбы, Қорған, Челябі қалаларының ойыншылары облыс әкімі кубогын сарапқа салды. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Сахнаға бірінші шыққан М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “ФитФМ” командасы ұтқыр ойынымен көзге түсті. Олардың қалжыңдары бүгінгі тұрмыспен байланысты болды. Студенттер, тіпті, велошабандоз Александр Винокуровтың жеңіске жетуін әзілдеп көрсетті. Жұмысшы кентіндегі түнгі өмірге тән түрлі жағдайлар көрермендердің көңілінен шықты.
Қорғаннан келген ойыншылар да осал болған жоқ. Көршілер ерлі-зайыптылар арасындағы түрлі жайттарды әзілге балап, шебер көрсете білді.
Ал Көкшетаудың құрамасы махаббат мәселесін, қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынасты қалжыңмен байланыстырып, баршаны күлкіге кенелтті.
Бірнеше рет өнер көрсетіп үлгерген қыздардың “Стройбат” командасы да қазылар алқасы мен көрермендердің қошеметіне ие болды.
Ойын нәтижесі бойынша бас жүлдені, яғни облыс әкімінің кубогын Омбы облысының жастар құрамасы ұтып алды. Бірінші орынды – Челябі, екіншіні – Ақмола, үшіншіні СҚО жастар құрамасы иеленді. “Көрермендер көзайымы” аталымына Көкшетау қаласының ойын-шылары лайық деп танылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp