«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЕЛОСИПЕДШІНІ СОҒЫП МЕРТ ҚЫЛЫП, қашып кеткен таксиші ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

Солтүстікқазақстандық жол сақшылары велосипедшіні соғып, оқиға орнынан жасырынған Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. Жол апаты нәтижесінде жәбірленуші мерт болды.

3 қараша күні Қызылжар ауданындағы Якорь ауылының маңынан өтіп бара жатқан жүргізуші белгісіз жігіттің мәйітіне тап болды. Жақыннан қираған велосипед тауып алған жол сақшылары жолкөлік оқиғасы болғанын анықтады. Жедел тергеу барысында мәйіттің кім екені анықталды, ол 61 жастағы Якорь ауылының тұрғыны болып шықты. Өкінішке қарай, оқиға орнында куәгерлер де болмаған.

Жол полициясының іздестіру бөлімінің бастығы Юрий Никоновтың айтуынша, оқиға орнынан жол апатына қатысы бар көліктің сынған бөлшектері табылды. Апат орнындағы айғақтар қызыл түсті “Ниссан Серена” маркалы автокөлігінің қатыстығын көрсеткен. Есепке алу базасынан тексеру барысында ондай көліктің 300-ден астамы анықталды. Нәтижесінде жол сақшылары және Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 100-ден астам көлікті тексерді. Ақырында тәртіп сақшылары көлік иесі мен автокөлікті анықтады. Ол Петропавл қаласының 36 жасар тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында көлікті жасырған жері де белгілі болды, күдікті оны жергілікті техникалық қызмет көрсету орындарының біріне жөндеуге қалдырған болып шықты.

Апат жасап адам өмірін қиған күдікті, оқиға орнынан неге жасырынғанын былайша түсіндірді: “Сол күні таксиде күні бойы жұмыс істеп жүріп қатты шаршадым, соңғы шақыртуды қала маңындағы ауылдардың біріне алып жолға шықтым. Якорь ауылының маңындағы тас жолда қалғып кеттім, бір кезде әлденені соққанымды сезіп ояндым. Қатты қорыққанымнан апат орнынан кетіп қалдым”.

Қазіргі таңда күдікті Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp