«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТЫҢ МЕРЕЙІН АСЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғалым ӨРКЕШОВ,

күрес мектебінің директоры.

Тұңғыш Президент күніне балуандар да тарту жасау мақсатымен қазақ күресінен жарыс өткізуді ұйғарды.

Облыс орталығының оқу орындарынан, ұлттық спорт мектебінен, спортқа дарынды балалардың мектеп-интернатынан, күрес мектебінен және Қызылжар ауданындағы “Парасат” мектебінен барлығы алпысқа тарта балуан жиналып, жеті салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады.

Күрес мектебінің спорт залына жанкүйерлер де көптеп жиналып, белдесулерді қызыға тамашалады.

Осы орайда Амангелді Дайыров басқаратын спорт интернатының жас балуандарының жетістіктерін бөле-жара айтуым керек. Оның бес бірдей жеңімпазы құрметке бөленді. Мысалы, 46 кг. – Айдар Ысмұқанов, 57 кг. – Парасат Омаров, 64 кг. – Айдын Серікбаев, 72 кг. – Мәрлен Маратов және +81 кг. – Владимир Иванов тұғырдың биігіне көтерілді. Осыған қосарым, В. Ивановтың түйе балуан атағын жеңіп алу жолындағы белдесуде де жеңіске жеткені.

Ал қалған екі салмақта Аманғали Бекболатов (51 кг. “Парасат” мектебі, Бескөл ауылы) және Дидар Шүменов (81 кг. Күрес мектебі) жеңісті тойлады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp