«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЗАТТАР МАРАПАТТАЛЫП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық кедендік бақылау департаментінде жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Департамент бастығы Әлібек Қартов жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеден одағын құрудағы айтарлықтай үлесінің барлығы, атап айтқанда, Кеден одағы елдеріне экономикалық ынтымақтастықты тереңдету шараларын бірінші болып ұсынған да біздің Президентіміз болғаны мақтанышпен атап өтілді.

Одан кейін департаменттің бөлім басшылары сөйлеп, өзінің ерекше даму жолы бар, бәсекеге қабілетті мемлекет құруда бойындағы барлық күшжігері мен талантын жұмсаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы жүрекжарды жылы сөздерін айтты. Осы мерекелік салтанатты жиын үстінде неғұрлым көзге түскен озат қызметкерлерге департаменттің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылды. Ең соңында кеден қызметкерлерінің жеке құрамына “Нұрсұлтан Назарбаевтың феномені” атты деректі фильм көрсетілді. Онда Ұлт Көшбасшысының бүгінгі дамыған, көркейген елдің өсу мен өркендеу жолындағы сіңірген еңбегі жайлы сөз болды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінің қарсаңында департамент қызметкерлерінің тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарын қолдау жөніндегі бірқатар қайырымдылық акциялары өтті. Атап айтқанда, облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне көмек көрсетілді. Сондай-ақ осы мерекеге орайластырып департамент ұйымдастырған “Менің Отаным – Қазақстан” атты балалардың суреттер көрмесі өтті. Ал мереке күні кеден қызметкерлері жалпықалалық салтанатты шараларға белсене қатысты.

Облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp