«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫЛАРДЫ КҮЛДІРДІ ДЕ, ОЙЛАНДЫРДЫ ДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әсемгүл ҚЫДЫБЕКОВА,

“Абылай хан резиденциясы”

КМҚК мұражайы бөлімінің меңгерушісі.

“Абылай хан резиденциясы” КМҚК мұражай кешенінің қызметкерлері жақында қала мектептерінің бірінші сынып оқушылары арасында “Бірінші сыныпқа арнау” атты шара өткізді. Ал балабақшаларда қазақтың ұлттық ертегісі “Алдар Көсе және оның хикаялары” атты қойылым көрсетті.

Біздің мұражай қызметкерлері қаламыздың №4,6,8,10 орта мектептеріне барып, олардың бірінші сынып оқушыларымен кездесті. Ондағы мақсат оқушылардың білімге, үйренуге деген құштарлығын арттырып, ұлттық дәстүрді қадірлеуге тарту болатын. Оған қатысқан оқушылар түрлі ойындар ойнап, интерактивті тақтаның көмегімен дәріс сабақтарын тыңдады.

Ал “Алдар Көсе және оның хикаялары” атты ертегісі желісіндегі мұражай қызметкерлерінің дайындаған қойылымы “Айгөлек”, “Малыш”, “Балапан”, “Балдәурен”, “АБВГД”, “Сәуле”, “Росинка”, “Гулливер”, “Балдырған” балабақшаларында көрсетілді. Қойылымды балалалар мен тәрбиешілер үлкен ықыласпен тамашалады.

Сондай-ақ Тұңғыш Президент күні қарсаңында біздің мұражай ұжымы мен Шухов атындағы қалалық орталық кітапхана қызметкерлері бірлесе отырып, “Көргені көп көш бастайды” атты тақырыпта басқосу өткізді. Олар жиынға шақырылған жас жеткіншектерге Нұрсұлтан Назарбаев туралы, оның өмір жолы мен еліне сіңірген ерен еңбегі жайында баяндап, Елбасының өнегесін ұрпағына үлгі етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp