«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арай НҰҒЫМАНОВА,

 облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығы.

2010 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Аталған заңға сай 2010 жылдың 1 қаңтарынан 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы (балаларды) асырап, тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қорғаншылар немесе қамқоршыларға ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне, бірақ мүгедек бала 18 жастан аспайтын мерзімге дейін тағайындалады. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді. Жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) мүгедек баланы тәрбиелеушіден өтініш; 2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазба (жазбалар); 3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі; 4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай бюросының анықтамасы не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы); 5) баланың мүгедектігі туралы анықтамасы;

Ата-анасының біреуі, қамқоршылары немесе қорғаншылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтініш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақы тағайындау туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.

Жәрдемақыны тоқтатудың негіздемесі: баланың қайтыс болуы, баланың толық мемлекет қарауына берілуі, өтініш берушінің жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp