«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ПӘРМЕНДЕТІЛЕ ТҮСЕДІ Бұл – Тұңғыш Президентіміз қойып отырған қатаң талап

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мұрат БЕКМҰХАМЕТОВ,

“Қаржы полициясы органдарының ардагерлер ұйымы” қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы.

Сыбайлас жемқорлық – экономикалық, саяси, әлеуметтік және ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер. Оның деңгейі мен көлемі экономикалық дамуға, инвестициялық климатқа, мемлекет имиджіне, Қазақстанмен халықаралық ынтымақтастық мүддесіне теріс әсерін тигізеді. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып есептеледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында осы мәселеге ерекше мән беріп, бұл дерттен арылу мақсатында жаңа міндеттерді алға қойып келеді.

 

Қазіргі таңда мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы нормативтік-құқықтық база ұлттық заңнамаларды қолданыстағы халықаралық стандарттарға жақындатқан 17 заңмен жетілді. Бұған қоса, Елбасы жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес екендігін ескертіп, оның жаңа стратегиясын жасау қажеттігін атап өтті. Соның бірі үстіміздегі жылғы 23 тамызда Үкіметтің қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу шарасы болып табылады. Осыған орай кез келген адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау дерегін немесе сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған іздеудегі адамның жүрген, тұрған жері туралы нақты ақпарат бере алады. Әрине, көтермелеу ақшалай сыйақысы әлгі адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты әкiмшiлiк жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енсе және айыптау үкімі заңды күшіне еніп, ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана төленеді. Біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстың ауырлығына сәйкес белгіленген. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті, онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК, ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша 100 АЕК құрайды. Деректі жеткізген адам мұндай қомақты ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда, ол арнайы мақтау қағазымен марапатталып немесе алғыс жарияланады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен әрбір азаматқа құпиялық пен мемлекеттік қорғауға кепілдік беріледі.

Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Көтермелеу мәселелерін қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген қаржы полициясы органдарының уәкілетті тұлғалары қарайды. Қаржы полициясы тиісті органының басшысы 5 жұмыс күні ішінде тұлғаға біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін негіз болып табылатын көтермелеу туралы бұйрық шығарады. Біржолғы ақшалай сыйақы көтермелеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап 15 күн ішінде адамның жеке немесе өзге шотына аударылады.

Дегенмен, көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адам заңға сәйкес жауапкершілікке, тіпті, қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылатындығын да ескерген жөн.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp