«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕЙФКЕ ҒАНА СЕНСЕҢІЗ, саныңызды соғып қаласыз…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста кәсіпорын сейфтерінен ірі көлемде қаржы ұрлау фактілері тіркелді. Екі оқиға да түнгі уақытта орын алған.

Белгісіз тұлғалар облыс орталығындағы Ғ. Мүсірепов көшесінде орналасқан кәсіпорындардың бірінің ғимаратына еш қиындықсыз кірген. Сейфті оңай ашып, 1 миллион теңгеден артық соманы қолды еткен. Кәсіпорын қызметкерлері ұрылардың ісін тек келесі күні байқаған. Ақша алуға келген кезде аузы ашық жатқан сейфті көрген. Оқиға орнынан белгілі болғандай, ұрылар ғимаратқа сыртқы есік арқылы енген. Бухгалтердің бөлмесін табу қиындық тудырмаған. Қабырғаға жабысқан жазулар бойынша екінші қабатқа көтерілген.

Дәл осындай оқиға Қызылжар ауданының Бескөл ауылында орын алды. Ұрылар ғимаратқа терезені сындырып кіріп, темір сейфтен 1,5 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен. Күзет мән-жайды тек таң ата анықтаған. Бұл кәсіпорында бейнебақылау да, дабылқаққыш та орнатылмаған. Қазір криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскерлерді іздеу бойынша шаралар жүргізуде. Осыған орай полиция барлық кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына күзет ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Жыл басынан бері облыс орталығында осындай 7 факті тіркелген. Олардың барлығы дабылқаққыштың, терезеге темір торлардың орнатылмауы, сейфтердің бекітілмеуі салдарынан орын алған. Бұған күзетшілерінің салғырттығы да себеп.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің

ақпараты бойынша дайындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp