«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРИЛЕР ДЕ ШЕТ ҚАЛМАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Тұңғыш Президент күні мерекесін әскерилер де атап өтті. Олар СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментте салтанатты сап түзеді.

Шараға департамент, басқарма және бөлімдердің барлық қызметкерлері қатысты. Жиналғандарды Петропавл гарнизонының бастығы Еркінбек Байболов, Қарулы күштердің ардагері Николай Белогуб, ауған соғысына қатысушы Жайлау Шәріпов және Чернобыль апатын жоюға атсалысқан Юрий Глумов құттықтады.

Ел үшін ерекше мәнге ие мерекеде Қарағанды облысы, Спасск елді мекенінде оқу жиынынан өткен запастағы 9 офицерге “аға лейтенант” атағы берілді. Сонымен қатар еліне қалтқысыз қызмет етіп жүрген Нұрлан Әубәкіров (Қызылжар аудандық ҚІБ бастығы), Сергей Кишман (Есіл аудандық ҚІБ бастығы) және Марат Кәрімов (Жамбыл аудандық ҚІБ бастығының орынбасары) “майор” атағын алды.

Осындай қуанышты сәтте жедел әскери қызметін өтеуге шақыртылған 35 адамды шығарып салу рәсімі өтті. Айтулы мерекеге орай оларға ескерткіш сыйлықтар таратылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp