Димаш ТАЛАСБАЕВ,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы бастығының міндетін атқарушы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен ауыл шаруашылығын дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жетті. Еліміздің агроөнеркәсіптік секторы қайткен күнде де өнім алу міндетіне бағдарланған шаруашылық жүргізу жүйесінен бергі кезеңде үлкен жолдан өтті. Тәжірибелі аграршыларымыз Мемлекет басшысының 1994 жылы тыңның 40 жылдық мерекесінде айтқан кеңшарлар мен ұжымшарларды жекешелендіру және аграрлық өндірісті нарықтық жолға көшіру қажеттігі туралы батыл шешімін жиі еске алады. Онда барлығы бірдей осы реформаның қажеттілігін түсіне қойған жоқ еді.
Тәуелсіздігіміздің бастауында қабылданған сол тарихи шешім еліміздің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына бұрынғы кеңестік кеңістікте бірінші болып кәсіпкерлік ынтасын дамытуды бастауға, агроөнеркәсіптік кешеннің барлық саласында: егіншілікте, мал шаруашылығында, қайта өңдеу саласында жаңа технологиялар қолдануға мүмкіндік берді. Нарықтық жағдайдың тиімділігі бірінші кезекте астық өндірісінде сезілді. Бұл салада арнайы заң қабылданды, астық қолхаты институты енгізілді. Мұнда жеке инвестициялар құйылуда, техникалар жаңғыртылуда, технологиялар жетілдірілуде және экспорттық қуат артуда.
Егер бүтіндей облыстың бүгінгі жағдайы мен агроөнеркәсіптік кешенін дамыту деңгейі туралы айтар болсақ, онда оны азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және азық-түліктің негізгі түрлерімен ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыратын экономиканың тұрақты дамушы секторы ретінде сипаттауға болады. Ел басшылығы белгілеген экономиканы жаңғырту жолдары қазірдің өзінде оң өзгерістермен айшықталады. Үлесіне облыс экономикасы құрылымында өңірлік жалпы өнімнің 30 пайызға жуығы тиетін ауыл шаруашылығында көзге түсерліктей нәтижелерге қол жеткіздік. Мемлекеттің қаржылық қолдауы ауыл шаруашылығының инвестициялық тартымдылығына, осызаманғы технологияларды енгізуге, өндіріс көлемдерінің айтарлықтай өсіміне ықпал етуде.
2012 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауға 6,9 млрд. теңге бөлінді, оның 4,8 млрд. теңгесі егіншілікке және 2,1 млрд. теңгесі мал шаруашылығына жолданды. Жыл сайын ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция салу көбейе түсуде. Үстіміздегі жылдың 10 айында ғана олар 32,6 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңдегіден 44 пайызға өсті.
Жоғарыда атап өтілгеніндей, Елбасы агроөнеркәсіптік кешенге үлкен қолдау жасауда. АӨК-ін мемлекеттік қолдаудың толық жүйесі жасалған және тиімді жұмыс істейді. Ол ең алдымен ауылдық тауар өндірушілердің кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыруға, агро-өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілетті бағыттары мен салаларын жедел дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуға бағытталған.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында белгіленген АӨК-ін дамытудың негізгі бағыттары: фермерлерді қаржыландыруға қолжетімдігін, соның ішінде аграрлық өндірісте жеке инвестициялардың тәуекелшілдігін төмендету үшін мемлекеттік кепілдендіру мен займдарды сақтандыруды енгізу есебінен кеңейту үшін баламалы жолдар құру; “Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту” жобасын жүзеге асыру; қой шаруашылығын, жемазық өндірісін және жайылымдағы мал шаруашылығын дамыту болып табылады. Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін “Солтүстік” ӘКК кепілдігімен “ҚазАгро” холдингінің кредиттеуі тұңғыш рет қолданылды және өзін толық ақтады. Осы тетік бойынша көктемгі дала және орақ жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 3,6 млрд. теңгенің кредиті берілді.
Жолдауда сөз болған негізгі мәселелердің бірі – мал шаруашылығы өнімдерінің өнеркәсіптік өндіріс жүйесін құру. Оған 2011 жылдан бастап жүзеге асырылып отырған ірі қара етін өндіру бойынша экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жоба ықпал етеді. Жобаның басымдығы, оның басты құрамдас бөлігі етті мал шаруашылығы саласында жұмыс істейтін шаруашылықтарды қолдау және дамыту, тауарлы мал табынын кеңірек өз төлі есебінен өсіру үшін жағдай жасау болып табылады. Осы міндеттерді орындау үшін “ҚазАгро” ұлттық басқарушы холдинг” АҚ-ның еншілес ұйымдары “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ы мен “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ-ы арқылы жүзеге асырылатын “Сыбаға” жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы жасалған.
Оның аясында 2016 жылға дейін 15,6 мың басқа арналған фермерлік шаруашылықтар құру міндеті қойылған болса, бүгінде 30,0 мың басқа арналған шағын шаруашылықтар құрылды. Бес жылда 4,0 мың басқа арналған асылтұқымды репродукторлар құру міндеті қойылса, жоба жүзеге асырыла бастағаннан бері 6,3 мың басқа арналған импорттық ірі қара бар 9 асылтұқымды репродуктор құрылды, 3,5 мың басқа арналған үш мал семірту алаңы ұйымдастырылды.
Аталмыш жоба малдың генетикалық әлеуетін арттырудан бастап, өнім өндіру мен оны өңдеуге дейінгі сапалы және бәсекеге қабілетті ірі қара етінің тиімді өндірісі үшін қажетті барлық технологиялық буындарды дамытатын кешенді ісқимыл қадамын қарастырады.
Жалпы агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы туралы айта отырып, барлық реформалардың кешенділігі Елбасымыздың бірқатар шешімдерімен қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі Жарлығымен бекітілген ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарламаны жүзеге асыруға 73 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталды, оның 27,8 млрд. теңгесі (38%) – республикалық, 20,4 млрд. теңгесі (27,9%) – жергілікті бюджеттен және 24,9 млрд. теңгесі (34,1%) басқа қаржы көздерінен бөлінді.
Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 19 білім беру, 19 денсаулық сақтау, 94 ауызсумен жабдықтау, бір спорт нысанының және 34,3 шақырым жергілікті маңызы бар жолдың құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Сол сияқты 288 білім беру, 118 денсаулық сақтау, 83 мәдениет, 16 сумен жабдықтау нысандарында және 60,3 шақырым жергілікті маңызы бар жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауылдық жерге кадрлар тартуды ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № ІІІ-ІV Заңы жүзеге асырылуда, онда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, ветеринария мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Жоба жүзеге асырыла бастағаннан бері ауылдық жерлерге 1835 маман келді.
Осы орайда Президентіміздің, нақ ауыл тұрғындары кез келген ұлттың генетикалық сипаты болып табылатынын біз ұмытпауға тиіспіз, нақ сол ғана бәрінен бұрын тұрақтылыққа және дұрыс эволюциялық дамуға ұмытылады, деуі тегін емес. Агроөнеркәсіптік кешендегі барлық реформалар Тәуелсіздік жылдарында осы сөздер астарына зер салу арқылы жүргізілді, өйткені ауыл шаруашылығын дамытудың мақсаты экономика саласы ретінде аграрлық бизнесті дамыту ғана емес, сондай-ақ ауылдағы тұрмыс деңгейін көтеру болып табылды.
Осының бәрі тәуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісіндегі табыстарын айшықтай түседі және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аграрлық саясатындағы ауылды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың стратегиялық бағытының дұрыстығын дәлелдейді.