«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДІНГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аян АЛЫПҚАШЕВ,

“Қызылжар” орталық

мешітінің наиб имамы.

Солтүстікқазақстандықтар Елбасының ислам дінін дамытуға жасап келе жатқан қамқорлығына әрқашан дән риза. 2005 жылы пайдалануға берілген “Қызылжар” орталық мешітінің қабырғасына ілінген тақтада: “Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сауд Арабиясы корольдігінің тақ мұрагері Ханзада Сұлтан бен Абдильазиз бөлген қаржыға салынды” деп жазылған. Өйткені, солтүстікқазақстандықтардың сұрауы бойынша Елбасы Сауд Арабиясынан осы мешітті салуға екі миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы сұрап әперген еді.

 

“Аңсаған армандарың орындалды. Мынадай мешіт орнатылды. Бұрын осындай болады деп ойлап па едік? Кеңес өкіметі тұсында жабылып қалған мешіттердің біразы қайтарылды. Бұл еліміздің тәуелсіздігінің арқасында мүмкін болды”, – деген еді Нұрсұлтан Әбішұлы мешіттің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Дәл сол күні Елбасы Қызылжардың он тоғызыншы ықшамауданында православиелік шіркеудің ашылуына да қатысты. Міне, бұл – елімізде діндердің дамуына, сол арқылы халықтар арасындағы достықты нығайтуға қамқорлық жасалып отырғанының дәлелі.

Өткен жылы Парламентте қабылданып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Қазақстан Республикасының “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заңының талаптарына орай биыл елімізде, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында да діни бірлестіктерді қайта тіркеу ұйымдастырылды. Бұл маңызды саяси науқанға айналды десек те болады. Осы жауапты іске жергілікті атқарушы органдар – облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық округтер әкімдіктері, дін істері жөніндегі департамент, әділет органдары белсене араласты. Мен мұсылман деген қауым бірлестіктерге мүше болуға өз еріктерімен ынта білдірді. Соның нәтижесінде бұрын облысымызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 25 филиалы болса, қайта тіркеу қорытындысы бойынша олардың саны 64-ке жетті. Қазір 46 намазхана жергілікті жерлерде тіркеуден өтуде.

Жалпы Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанда тұрақтылықтың, халықтар арасындағы ынтымақтың қалыптасқанын ерекше атап айтқан ләзім. Нұрсұлтан Назарбаев – бүкіл әлем мойындаған Көшбасшы. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бастарын бірнеше рет қосып, олардың емін-еркін пікір алмасуына жағдай жасауының өзінен Нұрсұлтан Әбішұлының дінге көзқарасын байқауға болады. Сондықтан да Елбасымыз барда Қазақстан өркендеп, халықтың тұрмысы жақсара бермек.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp