«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗДЕУ САЛАМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тұрғындардың жәрдемі керек.

2012 жылы 30 тамызда Петропавл қаласындағы Копай кентінде Жамбыл көшесі, 4 мекенжайында орналасқан жекеменшік кәсіпорынның қоршауы маңынан еуропалық келбетті белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Марқұмның жасы шамамен 30-40 аралығында. Із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тіркелмеген. Киген киіміне қарап тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар қатарына жатқызуға болмайды. Үстіне кигені: ашық түсті шолақ шалбар, сұр түсті джемпер, көк түсті күртеше, ал аяғында көк түсті сланцы. Сараптама көрсеткендей, жігіттің мәйіті бұл жерде екі ай жатқан. Тәртіп сақшылары жігіт Қазақстанның басқа облысы немесе Ресей Федерациясынан келген қонақ болар деген болжамды жоққа шығармайды.

Кімде-кім бұл жігіттің кім екенін білетін немесе танитын болса, жедел өкілдерге мына телефондар арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8 (7152) 39-41-72, 39-48-33, 39-48-37 немесе 102.

СУРЕТТЕ: мүрденің үстіне киген киіміне ұқсас киімдер.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp