«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨШБАСШЫМЕН ӘРДАЙЫМ БІРГЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Светлана ПЫШКИНА, зейнеткер.

1995 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартуға арналған бүкілхалықтық референдум өтті. Бұл жауапты шараға мен облыстық сайлау комиссиясының хатшысы ретінде белсене қатыстым. Сайлау науқаны ұзаққа созылған жоқ, сондықтан қажетті жұмыстарды қысқа мерзімде атқаруға тура келді. Облыс ұжымдарымен, жастармен және зейнеткерлермен өткізілген кездесулер өз нәтижесін берді: сайлаушылар асқан зор белсенділік танытып, 90 пайыздан астамы мемлекетіміздің бірінші басшысына қолдау көрсетті.

 

Ол кезде мен облыстық жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі басқарма бастығының орынбасары қызметін атқаратынмын. Біз жастармен жұмыс істедік, Тұңғыш Президентімізді қолдау жөнінде үгіт жүргіздік.

Бұл Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі бүкіл еліміздің басына түскен ауыр кезең еді. Оны бәріміз сезіндік. Әсіресе, Үкіметтің қолдауынсыз қалған армия қиын жағдайға душар болды. Сол шақта Солтүстік Қазақстан облысы әскери бөлімдерге материалдық жағынан көмек көрсетуді әкімдіктерге жүктеу жөнінде бастама көтерді. Елбасы барлық әскер түрлері өкілдерімен үлкен кеңес өткізгеннен кейін бізді қолдап, әскери бөлімдерге көмектесу туралы атқарушы органдарға нұсқау берді.

Жастар басқармасы “Патриот” акциясын бірнеше жыл қатарынан жүзеге асырды: біз әскери бөлімдерді аралап, Отан қорғауға аттанған жігіттерге қолдау көрсеттік, сөзбен және іспен көмектестік. Әскери бөлімдерде өз жігіттеріміз жайлы фильм түсіріп, оны аудандардағы ата-аналарының назарына ұсындық. Сөйтіп, біз армиямыздың қалай өзгеріп жатқандығын өз көзімізбен көрдік. Жыл өткен сайын ондағы жағдай жақсара бастады, мемлекеттің зор қолдауына ие болды.

Біздің Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында барлық облыстарда оң өзгерістер орын алды. Бүгін, 21 жыл өткеннен кейін, біздің өміріміздің жақсара түскендігін айқын көріп отырмыз.

Мен қазір зейнеткермін және әділін айтатын болсам, лайықты зейнетақым бар, ал балаларымның Қазақстанда өз мүмкіндігін жүзеге асыруына барлық жағдай жасалған.

Елбасының беделін барлық қазақстандықтар мойындайды деп ойлаймын, тек біз ғана емес, Нұрсұлтан Назарбаевты бүкіл дүниежүзі біледі. Тұңғыш Президентіміздің биыл Орыс биография институты белгілеген “Жыл адамы” ұлттық сыйлығының иегері болуы да тектен-тек емес.

Біз Ұлт Көшбасшысына сенеміз – оны президенттік сайлаулардың нәтижесінен-ақ көруге болады. Сондықтан жаңа мереке – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретінде зор еңбегіне қарай берілген әділ де лайықты баға деп түсінемін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp