«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНГЕН КҮН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қараша айының соңғы бейсенбісінде даму мүмкіндігі шектеулі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл (түзету) мектеп-интернатында “Ризашылық” мерекесі төртінші рет аталып өтілді. Бұл мереке Сара Назарбаеваның бастамасымен енгізіліп, қамкөңіл балалардың өмірлеріне бір сәт болсын қуаныш пен мейірім сыйлап келеді. Биылғы мерекені де балалар асыға күтіп, ерекше дайындықпен қарсы алды.

Майра БӨКЕБАЕВА,

даму мүмкіндігі шектеулі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл (түзету) мектеп-интернатының мұғалімі.

“Ризашылық” күні мерекелік дастарқан жайылып, ертегі кейіпкерлерінің дайындаған сиқырлы әлеміне саяхаттар жасалды. “Мейірім”, “Шапағат”, “Достық” пен “Қайырымдылық” кейпіндегі ертегі кейіпкерлері ойын түріндегі қызықты тапсырмалар дайындап, өткізді. Мереке ойын түрінде болғанымен, инабаттылық пен қайырымдылық, адамгершілік тақырыптары қамтылды.

Бұл күні тәрбиеленушілерге арналған концерттік бағдарламалар ұсынылып, оқушылардың қолдарымен жасалған бұйымдар көрмелері ұйымдатырылды.

Демеушілер тарапынан сый-сияпаттар да көп болды. Бізге Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Марат Тасмағамбетовтің және Тимирязев ауданының әкімі Қанат Қасеновтің атынан балалар мен қыздардың қол еңбегіне арналған құрал-жабдықтар жиынтығы табысталды. Тәрбиеленушілерді іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, Рузаев, Шөптікөл ауылдық округтерінің әкімдері, әлеуметтік қорғау бөлімі мен полиция қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және аурухана, мектеп, балабақшалар ұйымдарының өкілдері де құттықтап, сыйлықтар жасады. Сонымен қатар Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің атынан музыкалық аспаптар тарту етілді.

Мереке күні бізге ұмытылмас көңіл күй сыйлаған қамқор жандарға алғысымыз шексіз.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp