Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов бірқатар кадрлық тағайындау жасады.
Өңір басшысының өкімімен Владимир Николаевич Балахонцев Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды.
В.Н.Балахонцев әртүрлі жылдары Есіл ауданының әкімі, СҚО әкімінің орынбасары, Ақмола облысындағы Бурабай ауданының әкімі болып еңбек етті.
Облыс әкімінің өкімімен Амантай Қаратайұлы Сейфуллин Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды.
А.Қ. Сейфуллин әртүрлі жылдары Қостанай облысындағы Ұзынкөл мен Қарасу аудандарының әкімі болды. Осы тағайындауға дейін “САД-НУР” ЖШС-нің атқарушы директоры қызметін атқарды.
СҚО әкімінің баспасөз қызметі.