«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “EXPO-2017″ халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдануына байланысты Қазақстан халқына Ү Н Д Е У І

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті қазақстандықтар!

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Астанада Халықаралық мамандандырылған “EXPO-2017” көрмесін өткізу құқына қол жеткізді.

Біз елеулі үміткер, осындай халық­ара­лық форум өткізуде тәжірибесі бар Бель­гияның Льеж қаласын жеңіп шықтық.

Бұл – Қазақстанның зор табысы.

EXPO көрмесі – бұл мәні жағынан бү­кіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әлем­нің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға.

Халықаралық көрмелер өткен 160 жыл­дан астам уақытта олар негізінен эко­номикалық алыптар саналатын АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Бразилия, Ка­нада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және басқа елдерде өтті.

 

Енді олардың қатарына Қазақстан да қосылып отыр.

Біздің осынау жаңа табысымыз біздің бүкіл әлемде құрметті елге айналға­ны­мыз­ды тағы да көрсетіп беріп отыр.

Біз үшін Халықаралық көрмелер бю­ро­сына мүше 160 мемлекеттің басым көп­шілігі дауыс берді.

Іс жүзінде Астананы бүкіл әлем таң­дады!

Сондықтан “EXPO-2017”-ні өткізу – бұл, сонымен бір мезгілде, Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы орасан зор жауапкершілігі.

Біз небары бес жылда Көрме орта­лы­ғын тұрғызып, жаңа қонақүйлер, жолдар салып, көлікті дамытып, қонақтарды қар­сы алуға даярлықты қамтамасыз етіп, үл­кен дайындық жұмыстарын жүргізуіміз керек.

Бұл міндеттің ауқымы аса зор.

3 ай ішінде “EXPO-2017” көрмесін шамамен 5 миллиондай шетелдіктер келіп көретін болады.

Бүкіл елдер өз павильондарын көрме та­қырыбы – “Болашақтың энергиясына” сәй­кес дайындайды.

Өткеннің тәжірибесі көрсеткендей, мұн­дай көрмені өткізу олар өткен қалалар мен елдердің дамуына зор ықпалын тигізді.

Бұл – біздің еліміз үшін жаңа энерге­ти­ка­лық және “жасыл” технологиялар алуда аса зор мүмкіндік.

Бұл – “EXPO-2017”-ні дайындау мен өт­кізу уақытында, сондай-ақ, оның нысан­да­рын одан әрі пайдалануда Қазақстанға келіп түсетін миллиардтаған доллар инвестициялар.

Көрмені дайындау мен өткізудің бар­лық мәселелерін шешу үшін мен Мемлекеттік комиссия құрдым.

Астанада жаңа Көрме кешенінің құ­ры­лысы үшін жер белгіленді.

Бұл Қазақстандағы тағы бір “ха­лық­тық құрылыс” болмақ.

Бес жыл тез өте шығады.

“EXPO-2017”-ні өткізу құқы жо­лын­да­ғы күрестегі Астананың табысы – ол бүкіл Қазақстан халқының табысы.

Бүкіл қазақстандықтардың Халық­ара­лық көрмені өткізуге белсенді атсалы­са­тынына менің ешқандай күмәнім жоқ.

Мен “EXPO-2017”-нің біздің тарихы­мыз­дың тағы бір алтын парағы болаты­нына сенемін.

Мен бүкіл отандастарымды топтасуға және біздің елімізді осынау кең ауқымды халықаралық оқиғаға белсенді дайындауға шақырамын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp