«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ ОРНЫ – АБАҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде сот органдарынан қа­­шып жүрген халықаралық қылмыс­кер Мұхтар Әбіләзов ерте ме, кеш пе заң алдында жауап береді. Оның жаса­ған қылмыстары жетіпарты­лады. Сол үшін де ол ұзақ мерзімге сотталуы тиіс. Қазіргі кезде Әбі­ләзовке қарсы БТА банк салымшылары ғана емес, Ресей және басқа да елдердің алданған тұрғындары нақты талаптар қоюда. Еске сала кетейік, Әбі­ләзов британдық сотты сыйлама­ға­ны және өзінің милли­ард­таған ак­тив­терін жасырғаны үшін ағылшын түрмесінде 22 ай отыруы қажет еді. Англияның Жоғарғы соты осындай шешімді биылғы жылдың басында шығарған болатын. Ал көп­шілігімізге белгілі, жақында осы сот қылмыскер Әбіләзовтен қазақ­стан­­дық БТА банктің мүддесіне 2 миллиард доллар өндіру туралы қау­лы шығарды. Алаяқтан осыншама кө­лем­дегі ақша өндіру жө­ніндегі қау­лы БТА банктің екі азаматтық талап-арызы бойынша шығарылған. Бү­­гінде банк Әбілә­зов­тің заңсыз түрде 6 миллиард доллар сомасын­­дағы қар­жыны ием­денгенін дәлел­деп отыр. Са­рап­шылардың пікірі бойынша, банк директорлар кеңесі­нің бұ­рын­ғы басшысы қылмыстық жолмен Қа­зақ­станнан БТА банк және оффшор­лар арқылы 10 миллиард дол­ларға жуық қаржыны жылыст­ат­қан.

 

2010 жылғы желтоқсанның басында Англияның апелляциялық соты Жоғарғы соттың Әбіләзовтің сыртқы басқару активтерінің жалпы көлемі 5 миллиард доллар екендігін шешім бойынша анықта­ды. Бірақ ол 2009 жылғы берілген активтерді тоқтату туралы ордерді орындамады. Қазақстандықтар сияқ­ты ресейліктер де алаяқ Әбілә­зовтің тұтқынға алынуын асыға күтіп отыр. Өйткені, иненің көз­і­нен өтетін жылпос көрші елге де өз қылмыстық ізін қалдырған. Ресей­лік РБК Daily газетінің мәліме­тін­ше, қылмыскер Әбіләзов Қазақ­стан­нан ғана емес, Ресейден де аса үлкен көлемде қаржы ұрлаған. Бұл қаржылар оның БТА және АМТ банктері салымшыларының сеніп салған қаражаттары болатын.

Аталған басылым, сондай-ақ Кипрде арнайы құрылған оффшор­лық компаниялар арқылы милли­ардтаған долларды жылыстатқа­нын жазады. Аты шулы алаяқтың көп­теген сыбайластары қазірдің өзін­де тиісті жазаларын алып, түр­мелерде жазасын өтеп жатыр. Олар­дың қата­рына Әбіләзовтің жа­қын сыбайлас­тарының бірі, жа­қында Чехияда ұсталған Т.Параскевич те қосылатын болады. Ал оған қазақстандық БТА банктен 5 миллиард доллар ұрлады деген күдік келтіріліп отыр.

Ресейлік құқық қорғау орган­дарының мәліметтеріне қарағанда және тергеу амалдарының барысы көрсеткендей, Т.Параскевич сыбайласы Әбіләзов басқарған халық­аралық қылмыстық топтардың қа­тысушысы болып табылады. Ол қылмыстық жолмен ақша жымқы­рудың жолын дайындаушы рөлін атқарған. Сонымен қатар ол қар­жылық құжаттармен, оның ішінде әртүрлі қағаздарды бұрмалаумен айналысқан. Бір қызығы, Ұлыбри­танияда сотты болған қылмыскер Әбіләзовке қарайтын ресейлік АМТ банкінде жасалған алаяқтық әрекеттер мыңдаған БТА банкі салымшыларын сан соқтырып кеткен айла-әрекеттерімен өте ұқсас келе­ді. Олар да классикалық қаржы пирамидасын құру арқылы бұрынғы кредиторлардың қарыздарын жаңа кредиторлардың салған қаржыла­рымен жауып отырған.

Әбіләзовтің банкі көпке дейін қаржылық пирамида режімінде жұмыс істеп келген. Бұл талайды зар қақтырған МММ пирами­да­сы­ның классикалық үлгісін көрсе­теді. “Известия” газеті Әбіләзовтің АМТ банкі пирамидасы жөніндегі материалдарды әлі жалғастырып келеді. Бұл тақырып қазірге күн тәртібінен түспейтін сияқты. 2010 жылдың 12 тамызында Ресейдің Орталық банкі АМТ-ны тұрғындардан салымдар қабылдауға тыйым салды. Бірақ банк салымшылардан салым қабылдауды тоқтатпады, қайта ставкаларды өсіре түсті. Бұл үдеріс АМТ банкротқа ұшырағанға дейін жалғаса берді. Осылайша салымшылар алаяқтардың алдауына тү­сіп, ақшаларынан қағылды.

Кейін белгілі болғанындай, Әбі­лә­зовтің АМТ банкіне бан­крот­тық механизмі қосылғанда барып, онда­ғы активтердің мөлшері төрт есе аз болған. Керек болса, ондағы қаржы бірінші кезекте кредитор­лардың ақ­­шасын төлеуге де жет­педі. Ал ал­дан­ған салымшылардың жалпы саны 5,5 мың адамды құ­ра­ды. Әбі­лә­зов болса, алданған кли­ент­тердің ақша­сын қылмыстық жолмен шетелдегі оффшорлық есеп-шоттарға аударып келген. Әбі­ләзовтің кредиторлары қата­рын­да тек бизнесмендер ғана емес, жұмысшылар мен зейнеткерлер, әлеуметтік құрылым­дар­дың қы­з­­­мет­керлері, сондай-ақ АМТ-ға 2008 жылы кепілсіз 24 миллиард рубль берген Ресей банкі де болды.

2008 жылғы дағдарыстың белең алған кезінде де Әбіләзов Ресей Орталық банкінен ешқандай кепіл­сіз бірнеше рет жалпы көлемі 27 миллиард рубльден астам кредит алған екен. Қылмыскер бұл қара­жаттарды белгілі мақсаттарға пай­даланбаған, яғни өзінің салымшы­ларының қарыздарын төлеп отыр­ған. Тіпті, АМТ банк Ресей банкі­нен алған 24,2 миллиард долларды сол сәтте-ақ Әбіләзовке қатысты компаниялар тобын несиелеуге аударып жіберген. Тергеу барысында мемлекеттің осы қаржысын Әбілә­зов бірқатар батыс банктеріне аудар­ғаны дәлелденді.

Шынында да, Әбіләзов бенефициар ретінде өзінің екі банкін кредиторлар мен салымшылардың есеп­теріндегі ақшаларды шетелдік құры­лымдарға жылыстату үшін пайда­ланған. Жылыстатуға үлгере алмай қалған ақшалар Әбіләзовтің компа­нияларының есебінде тұрған. Ал БТА банк пен АМТ банкіне түк те қалмаған. Осылайша Әбіләзов алаяқ­тық жолмен мыңдаған адам­дардың миллиардтаған теңге, доллар және рубльдерін шетел асырып, өз кли­енттерін “лақтырып” кет­кен. Жыл­постың алдауына қа­зақ­стан­дық­тар­мен қатар, ТМД елдерінің де тұр­ғындары көптеп түскен. “Новости” ақпарат агент­тігінің мәлі­мет­теріне қарағанда, алданғандар қар­жысы­ның көлемі 500 миллион доллардан асады. Тіпті, олардың ішінде белгілі бри­тандық HSBC, “Standard Charte­red”, RBS және “Barclays” банктері де бар. Бүгінде олар қолды болған қаржыларының ең болмаса бір бө­лігін қайтарып алуға үмітте­ніп отыр.

Қылмыскер Әбіләзов осындай ұятсыздықпен ресейліктерді де, британдық қаржы құрылымдарын да және олардың салымшыларын да тақырға отырғызып кетті. Оның жоғарыда аталған қылмыстық әре­кеттерін шетелдіктер де, оның ішін­де Ұлыбритания тұрғындары да жақсы түсінді, оған баспана берудің қажетсіз екендігін анық білді. Сондықтан да Лондонның Жоғарғы соты өз шешімімен сот органдарын құрметтемегені үшін жа­уапқа тартты. Бұлардан бөлек Әбі­ләзовтің Жаңаөзен оқиғасына қа­тысы бар екендігі, белгілі бір топтарды қаржыландырғандығы дә­лел­деніп отыр. Алаяқ ұрлаған ақ­шасын жазықсыз жандардың өлі­міне әке­ліп соқтырған қанды оқи­ғаға жұм­сағаны бүгінде бүкіл қазақстан­дықтардың ашу-ызасын туғызуда.

Әбіләзовтің Жаңаөзендегі қай­ғылы жағдайға тікелей қатысы бар екендігі сот барысында дәлелденді. Оны өзінің “сыбайластары” Козлов, Сапарғали және басқалар айтып берді. Өңірдегі жағдайды тұ­рақ­сыз­дандыру әрекеттері Әбілә­зовтің нұс­қауымен жүзеге асқан­дығы бе­л­гілі болды. Олар оның бұйрығы бойынша әрекет еткен, мұнайшы­лар мен жұмыс беруші­лер арасында кикілжіңдер туғыз­ған. Осылайша халықаралық қыл­мыскер еліміздің конституциялық құрылысын өзгер­туге әрекет жаса­ған. Сонымен бірге ол “Алға” және “Халық майданы” топтарын қаржыландырып отырған. Мұның барлығы сот процесі кезінде нақты дәлелін тапты.

“Алғаның” бұрынғы мүшелері­нің бірі сот барысында Әбілә­зов­тің Маңғыстау облысындағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін жаппай тәр­тіпсіздіктер жасауға шақырғанды­ғын айтып берген. Оның айтуына қарағанда, ол жаппай тәртіпсіз­дік­тің соңы қиын жағдайларға ұрын­дыратынын тү­сін­ген. Өкінішке қа­рай, Жаңа­өзен­де қайғылы оқиға орын алды. “Алғаның” бірқатар мү­шелері қыл­мыстық әрекеттері үшін түрлі мер­зімге бас бостандық­тары­нан айрылды. Қазіргі кезде олар Әбілә­зов­тің сөзіне алданып қалған­да­ры­на өкініп отыр.

Жаңаөзендегі оқиғаның орын алуына және мұнайшылар мен жұмыс берушілердің арасындағы түсініспеушіліктің өршуіне Әбі­лә­зов қаржыландыратын БАҚ-тар да өзіндік үлес қосқанын атап өткен жөн. Сондықтан да еліміздің Бас прокуратурасы сот тәртібімен бір­қатар БАҚ-тарды экстремистік деп таныды және оларды жапты.

Қазіргі кезде сот органдарынан бой тасалап жүрген халықаралық қылмыскер Әбіләзовтің қайда екен­дігі белгісіз. Алаяқ ерте ме, кеш пе өзінің қолымен істеген қылмыстары үшін жауап берері анық. Оның қазіргі жасырынып жүрген жері оған уақытша ғана бас­пана деуіміз қажет. “Өзі құрған тұзаққа өзі түседі” демекші, ха­лық­аралық қылмыскер Әбіләзов­­тің орны абақты болмақ.

(“Егемен Қазақстан”, 2012 жылғы

6 желтоқсан).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp