«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙЕЛГЕ ҚОЛ ЖҰМСАЙТЫНДАР айылдарын жиятын кез

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Бақытты болуға ұмтылайық!” атты акция бастау алды. Жыл сайын 25 қарашадан басталатын шара мақсаты – әйелдерге қатысты қандай да бір кемсітушілік түрлерін жою және зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Тәртіп сақшылары тіркеуде тұрған отбасыларды тексеріп шықты. Полиция бақылауында тұрғандар, негізінен, ащы суға тойып алып, бір-біріне күн көрсетпей жүргендер. Ал 66 жастағы кейуананы туған қызы ішімдіктің буымен соққыға жығады екен. Спирттік ішімдік іздеп кеткен бұзақы рейд кезінде үйінде болмай шықты. Жәбірленушінің айтуынша, түн жарымда мас болып келетін қызы шешесін ұрып-соғатын көрінеді. Тәртіп сақшылары жәбірленушіге кезекті рет арыз жазу керектігін түсіндірді. Заңға сәйкес бұл қыз 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Ал осындай жазаны күні кеше ғана өтеп келген бір ер адам темір тордың арғы жағына тағы тоғытылмақ. Бұзақы 82 жастағы қайын енесіне күн көрсетпейтін болып шықты.

Акцияның төрт күні ішінде облыс көлемінде 700-ден астам отбасы тексеріліп, шара барысында 107 әкімшілік хаттама толтырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp