«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРІМІЗДЕ ЗАҢСЫЗ ЕҢБЕК ЕТКЕН 5 өзбекстандық ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық көші-қон полициясының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шараларын өткізу барысында заңсыз еңбек етіп жүрген Өзбекстанның бес азаматын анықтады. Олардың екеуі әкімшілік тұтқынға алынса, үшеуі айыппұл төлеп, елден кетулері қажет.

24 және 36 жастағы Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан 2009 жылы кетуі тиіс еді. Соттың шешімі бойынша олар заңсыз еңбек еткендері үшін қуылған болатын. Алайда, осы күнге дейін өңірдің әр жерінде заңсыз еңбек етулерін жалғастыра берген. Олар нәпақа табу үшін Солтүстік Қазақстан облысынан картоп сатып алып, оны өзге өңірлерге тасымалдаған кәсіпкерде жұмыс істеген. Жоғарыда аталған екеуі мен тағы үш өзбекстандық картоп жинаумен айналысқан. Алайда, олардың бірінде де еңбек етуге рұқсаттары болмаған және тіркеуде де жоқ. Бұл жайында полиция қызметкерлеріне Қызылжар ауданындағы Петерфельд ауылында орналасқан ЖШС-ті тексерген кезде белгілі болды. Соттың қуып шығу туралы шешімін орындамағаны үшін екеуі әкімшілік қамауға алынды. Ал Солтүстік Қазақстан облысына 2 апта бұрын келген қалған үшеуіне 25 АЕК көлемінде айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Ал ЖШС-тен ғимаратты жалдаған жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp