«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚША САҚТАУ айтуға ғана оңай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасында өткен жиында екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Жиынға тәртіп сақшылары, жеке күзет агенттіктерінің өкілдері, банктердің қауіпсіздік қызметі мамандары мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

Жақында “АТФ” банктің банкоматынан 12 миллион теңге қолды болды. Араға күн салып, жеке кәсіпкердің сейфінен бір миллион теңгеден астам қаражат жоғалды. Тәртіп сақшылары бұл қылмыстар, негізінен, бейқамдықтан болғанын айтады. Жиын барысында аталған қылмыстардың не себепті орын алғанын Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Әмір Қасейінов атап өтті: “Тергеу барысында бұл орындарға не дабылқаққыш, не бейнебақылау камерасы орнатылмағандығы анықталған. Мұны ұрылар білген. Банкоматты жалға алушы терминал орнатылған аумақтың қауіпсіздігін өзі қамтамасыз етуі тиіс”, – деді.

Банкоматтардың техникалық жағдайы турасында мемлекеттік күзет мекемесінің басшысы Берік Ыбыраев өз ұсыныстарын алға тартты. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылып, күзетілуі тиіс деген нысандарды анықтау керек деген пікір айтылды. Қазір Петропавл қаласында 200-ге тарта банкомат бар. Олардың көбі оқу орындарында, сауда орталықтары мен базарларда орналасқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp